2020 жылдың 14 маусымында өрт шықты
2020 жылғы 14 маусымда Жалғызқарағай ауылдық округінің жерлерінде ірі дала өрті болды. Өрттің
мемлекеттік орман қоры аумағына өту қаупі туындады. Өрт апатымен күреске Ақмола
авиациялық бөлімшесінің, "Кеңес" КШШ КММ, "Барап" КШШ КММ,
"Степногорск" КШШ КММ, Ақкөл ауданының ТЖБ күштері мен құралдары
лақтырылды. Отпен күрес кешке дейін созылды. Жедел қабылданған шаралардың
арқасында өрт мемлекеттік орман қорына зиян келтірместен 300 га алаңда жойылды.
Тұтануды жоюға барлығы 38 адам жұмылдырылды, оның ішінде Ақмола авиациялық
бөлімшесінің 6 десантшы-өрт сөндірушісі, тікұшақ, 8 бірлік техника.