2020 жылдың 12 маусымында Өскемен авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері өрт анықтады
2020 жылдың 12 маусымында Өскемен авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Асу-Бұлақ КММ, Орталық орманшылықтың 151 квартал аумағында өрт анықталды. Өрт апатымен күреске Өскемен авиациялық бөлімшесі мен Асу-Бұлақ КММ-нің күштері мен құралдары лақтырылды. Отпен күрес 2 тәулікке созылды. 2020 жылғы 13 маусымда өрт 0,5 гектар алаңда ауыздықталды. Өрттің себебі найзағай болды. Өртте тікұшақ, 2 бірлік техника, 16 адам, оның ішінде 2 десантшы-Өскемен авиациялық бөлімшесінің өрт сөндірушісі жұмылдырылды.