Жамбыл авиациялық бөлімшесіндегі орман авиациялық жұмыстары
2020 жылғы 11 маусымда Жамбыл
авиациялық бөлімшесінің мамандары табиғат қорғау полициясының өкілдерімен
бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау
заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты.
Авиациялық патрульдеу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.