2020 жылдың 9 маусымында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен профилактикалық дәріс өткізілді
2020 жылдың 9 маусымында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы А.А. Жантурин
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Қарқаралы филиалында
"Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін
сақтау"тақырыбында алдын алу дәрісін өткізді. Ұйым қызметкерлері ҚМҰТП
аумағында отты қолдану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау
кезіндегі іс-әрекеттерімен, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі
орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау қағидаларымен таныстырылды.
Сондай-ақ, өрттің алдын алу мақсатында авиациялық бөлімшеге баннер орнатылды.