2020 жылғы 31 мамырда Бурабай авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері профилактикалық дәріс өткізді
2020 жылдың 31 мамырында Бурабай авиациялық бөлімшесінің АӨК нұсқаушысы В.А. Степанов пен десантшы-өрт сөндіруші Д. С. Баймағамбетов халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Д. Серікханұлы" ЖК алтац құрылыс дүкені қызметкерлері арасында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Дәріске қатысушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ, дүкен клиенттеріне тарату үшін үгіт парақшалары қалдырылды.