2020 жылғы 20 мамырда Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері өртті анықтады
2020 жылғы 20 мамырда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалы, Шалдай орманшылығының 142 квартал аумағында өрт анықталды. Өрт апатымен күреске Шалдай филиалы мен Павлодар авиациялық бөлімшесінің күштері мен құралдары лақтырылды. Барлық өрт сөндіру қызметтерінің үйлесімді жұмысының арқасында өрт 0.001 га алаңда сәтті жойылды, өртті жоюға Шалдай филиалының 6 адамы, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, 2 техника жұмылдырылды. Өрттің себебі-найзағайдың түсуі.