2020 жылдың 18 мамырында Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкері профилактикалық дәріс өткізді
2020 жылдың 18 мамырында Ақмола авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі А. В. Клименко халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Симчук" ЖК қызметкерлері арасында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Қызметкерлер ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.