2020 жылдың 18 қазанында Баянауыл авиациялық бөлімшесінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған мамандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК атынан - АӨТ нұсқаушысы Е. Б. Ибраев сыйақы төлене отырып мадақтамамен марапаттталды. Баянауыл МҰТП басшылығынан: өрт сөндіруші десантшылар Жұмабай Г. Ж., Гарин А. А., Отарбаев С. М. және радиооператор Окладникова О. В. мадақтамалармен марапатталды.
Орман шаруашылығы қызметкерлері күні - кәсіби мереке қарсаңында, 2020 жылғы 16 қазанда орман шаруашылығы жүйесіндегі көп жылдық адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін сыйлық төлене отырып, құрмет грамоталарымен марапатталды:
1. Кондратов Максим Викторович, Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
2. Степанищев Александр Олегович, Катонқарағай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
3. Серікбаев Жанболат Қанатбекұлы, Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
4. Ушетов Николай Николаевич, Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
5. Клименко Анатолий Владимирович, Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
6. Гущина Людмила Николаевна, Көкшетау авиациялық бөлімшесінің радиооператоры;
7. Баймағамбетов Диас Сейсенбекұлы, Бурабай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
8. Валл Владимир Александрович, Қостанай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
9. Литвинова Марина Михайловна, Шығыс авиация буынының диспетчері;
10. Ажмагиев Евгений Абдырашович, Өскемен авиациялық бөлімшесінің АӨК нұсқаушысы;
11. Трушников Владимир Ильич, Бородулиха авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
12. Мусин Таңатбек Қалтайұлы, Бөкебай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
13. Ыбыраев Ерқанат Бекенұлы, Баянауыл авиациялық бөлімшесінің инструкторы;
14. Давыденко Вадим Александрович, Талдықорған авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы;
15. Чиркин Александр Иванович, орталық аппараттың авто-слесарі;
16. Исбаев Дәулет Төленұлы, Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы.
Кәсіпорын ұжымы құттықтауларға қосылады және қызметкерлерге күрделі және жауапты жұмыста табыс, денсаулық пен амандық тілейді!
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні - кәсіби мереке  қарсаңында 2020 жылғы 16 қазанда Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы А.В. Клименко орман шаруашылығы жүйесіндегі көп жылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.
2020 жылдың 17 қазанында Жасыбай демалыс аймағының туристері арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгімелесу барысында қатысушылар МОҚ аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен таныстырылды.
2020 жылдың 17 қазанында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі М.В. Кондратовпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК оқушылары арасында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Оқушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні - кәсіби мереке қарсаңында, 2020 жылғы 16 қазанда Орман шаруашылығы жүйесіндегі көп жылдық адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Боровской авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Д.С. Баймағамбетов марапатталды.
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні - кәсіби мереке қарсаңында, 2020 жылғы 16 қазанда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 35 жылдығына орай естелік медальдармен марапатталды: Баянауыл авиациялық бөлімшесінің басшысы С. Н. Морозов, АПГ нұсқаушысы Е. Б. Ибраев және десантшы-өрт сөндіруші Ю. В. Прокофьев. Марапатталғандарға Баянауыл МҰТП директоры С. Б. Ахметжанов құрмет медальдарын табыс етті.
2020 жылғы 15 және 16 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Өскемен және Катонқарағай авиациялық бөлімшелерінің мамандары Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция өкілдерімен және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет инспекторларымен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп айналып өтуді орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні - кәсіби мереке  қарсаңында 2020 жылғы 16 қазанда Орман шаруашылығы жүйесіндегі көп жылдық адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы М.В. Кондратов марапатталды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға