2020 жылдың 20 шілдесінде Науырзым МТҚ, Бетағаш орманшылығының 39 кварталы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Қостанай авиациялық бөлімшесінің, Наурызым МТҚ, ДПФ күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті жоюға барлығы 43 адам, оның ішінде Қостанай авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші десантшысы, 16 техника, тікұшақ жұмылдырылды.
2020 жылдың 20 шілдесінде Үлкен Алматы орманшылығының 15 кварталы мен Іле Алатау МҰТП аумағында өрт шықты.Тілсіз жаумен күреске Алматы авиациялық бөлімшесі мен Іле-Алатау МҰТП күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға барлығы 10 адам жұмылдырылды, оның ішінде Алматы авиациялық бөлімшесінің 5 өрт сөндіруші десантшысы бар.