Өрт – адамзаттың қас жауы. Әсіресе орман өрті – табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі. Осыдан 6 жыл бұрынғы Медеу шатқалында болған тілсіз жау төтеншеліктермен қатар, тұрғындарды да әбден есеңгіреткен еді. Салдарынан қаншама гектар қарағай жойылып кетті. Болашақта осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмасымен түрлі шаралар өткізілуде. Осы орайда, жақында Шелек орман шаруашылығында өртке қарсы оқу- жаттығу ұйымдастырылды. Апат кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында өткізілген шараға облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нүсіпбаев арнайы қатысып, орман шаруашылығы қызметкерлерінің дайындығын тексерді.

Қаіпсіздік мақсатында ұйымдастырылған арнайы шараға басқа аудандардың орман шаруашылығы өкілдері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары, төтенше жағдайлар бөлімі өрт сөндіру қызметі және Асы, Шелек, Қаражота ауылдық округтерінен жиналған еріктілер тобы атсалысты. Оқу-жаттығудың семинарында сөз сөйлеген Шелек орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Бекболат Алтаев өртке қарсы өткізілген іс-шаралар мен үгіт-насихаттар бойынша есеп беріп, орманның адам өмірі үшін маңыздылығын айтып өтті. Кейіннен, Шелек өрт сөндіру бөлімінің қызметкері орман өрті кезінде қандай нәрселерді ескеру керектігін түсіндіріп өтті. Сөзіне сүйенсек, алапат өртті сөндіруге шыққан техниканың кептеліс жасамай қозғалғаны маңызды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер желдің өтіне қарсы тұрмауы керек. Әрдайым, желдің бағытын анықтап отыру – өте маңызды.

Шара барысында жоғарыда аталған өртке қарсы-құрал жабдықтарды, тенхникаларды аралап көрген Қанат Нүсіпбаев мамандармен тілдесіп, дайындықтарына көңіл бөлді. Әсіресе, еріктілердің қауіпсіздігін ерекше атап өтті:

– Бүгін еріктілер тобы оқу-жаттығуға келіп отыр. Егер өрт орын алған жайғдайда бұл азаматтар үстеріндегі киімдерімен өрт сөндіре алмайды.

Синтетикадан және басқа да отқа тез тұтанатын матадан жасалған киімдер апат кезінде адамның өміріне қауіп туғызады. Сондықтан, округ әкімдері осы адамдарды арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

Өздеріңізде бюджет бар, осы мәселені қарастырарсыздар – деп әкімдерге ұсыныс жасады.

Жиналыстан соң арнайы қонақтар мен бақылаушылар өрт болатын аумақтағы штабқа аттанды. Арнайы дайындалған бірнеше жерге өрт қойылды. Дабыл соғылып, белгілі аймақта өрт оқиғасы тіркелгендігі жөнінде хабар берілді. Санаулы уақытта жеткен техника мен мамандар қызыл жалынды сөндіруге бірден кірісіп кетті. Алдымен тілсіз жау бағыт алған жақты трактормен жыртып, оттың келесі бетке өтуіне кедергі жасалды. Көзді ашып-жұмғанша сақадай-сай техника апаттың алдын алды. Барлығы шынай түрде болды. Тіпті, оқу-жаттығуға тікұшақ келуі керек болған. Белгілі себептермен қатыса алмады.

Алайда, шынайы өрт болған жағдайда, тікұшақтар техника бара алмайтын жерлерде жұмыс жасайтындығын айтты «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің аға ұшқыш-бақылаушысы Талғат Алиев: – Бүгінде облыс бойынша 2 тікұшақ таулы, орманды аймақтарды бақылайды және апат кезінде сол жерлерге құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді тасиды. Отты сөндіруге де атсалысады. Сондай-ақ, осы айдың аяғында мекемеміз 2 патрульдеу ұшағымен толығады. Қазір келісім-шарт жасалуда – дейді.

Жалпы оқу-жаттығу жоғары дәрежеде өтті. Мамандар да, техникалар да өздерінің мүмкіндіктерін көрсетіп, апат жағдайында қалай әрекет ету керектігін пысықтады. Облыстан арнайы келген Қанат Нүсіпбаев та көңілі толатындығын жеткізді. Сонымен бірге, өзінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты. Аумағы 117 мың гектардан асатын орман шаруашылығында 2 өрт сөндіру станциясы, 14 өрт сөндіруші маман, 2 өрт сөндіру көлігі үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, мамандар су бүркігіштер, сусорғыш насостар, бензинді аралар, тракторлармен қамтылған.

– Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ және темекі тұқылынан тұтанады. Кей жағдайларда найзағайдың түсуінен де орын алып жатады. Осындай жағдайлардың барлығына мекеме қызметкерлері әрдайым сақадай сай. Құдай бетін арылсын, егер өрт оқиғасы тіркелсе, мамандар мен техника жеткілікті – дейді Бекболат Алтаев. Айтуынша, тәжірибе көрсеткендей орманшылар өртті орман қорына жеткізбеу үшін белгіленген аумақтан тыс жердегі дала өрттерін сөндіруге мәжбүр. Аталған жағдайлар былтыр Алғабас және Таусүгір аумақтарында болған. Апат салдарынан, 600 гектардан астам жер күлге айналған. Абырой болғанда, орманшылыққа бірнеше шақырым алғанда тілсіз жау ауыздықталған.

Сардарбек НҰРАДИН.

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ ГАЗЕТІ

Владимир Михайлович Воробьёв

Қазавиаорманқорғау РМҚМ Катон-Қарағай авиатобы,

Шығыс-Қазақстан облысы, Қазақстан

Орыс орнитологиялық журналы 2018 ж.

Катон-Қарағай ұлттық паркінің орнитофаунасы қазырғы кезде жақсы зерттелген, бұнда 277 құстардың түрі белгілі (Стариков 2006). Осы ұлттық парк аумағында менімен бакылау және фототүсіру ақырғы он жыл жыл бойы өткізіледі. Көбінесе зертту аудыны Буқтырма өзенінің орта ағымы және Катон-Қарағай маңындағы Сарымсақты төбенің бөктерінде орын алады.Төменде құстардың 22 түрімен ең қызықты кезесуі келтірілген, оның 9 бұнда бірінші рет белгіленген. Барлық табылулар www.birds.kz. сайтында фотосұреттермен нақтыланған.


Гуменник Anser fabalis middendorfii. Бұл қаз соңғы тексеруде (Стариков 2006) сипатталған аумағында көрсетілмейді және жақын жерлерде гуменник және сухоноса Anser cygnoides буданның кездесулері Марқакөл көлінде (Березовиков, Алексеев 2013) болып табылған.

Бұқтырма өзенінде Куроферма шатқалында 2015жылғы 12 сәуірінде 2 гуменник кездестірілді, 2015 жылғы 19 сәуірде– 9, 2016 жылғы 15 наурызда – 5 және, 2017 жылғы 22-сәуірде – 2 (сур. 1 және 2). Гуменник шағын бөлігінің көші-қон жолы бұл жерде өтеді деп болжауға болады.

Сұңқылдақ аққу Cygnus сygnus. Ұлттық паркке өткелі түрі ретінде көрсетілген, ХХ ғасырдың басында Марқакөл көлінде ұя салатын құстар екендігі белгілі болған(Стариков 2006). 1977 жылдың шілдесінде екі сұңқылдақ Қара-Кабада байқалған (Березовиков, Самусев 1998). Менімен бұл аққу Кобентау шатқалындағы сазды көлдеұясында 4 балапандардың аман-есен өсіріген кезінде табылды. Құстар 2015 жылдың 24 және 31 мамырында, 2015 жылдың 4 маусымында және 16 қыркүйегінде фотосуретке түсірілген (сур.3-5).

   
Луток (үйрек) Mergellus albellus. Сирек кездесетін өткелі түрі ретінде белгілі (Стариков 2006), бірақ Бұқтырма бойында жазда лутокты кездесулері ықтимал туралы Н.Я. Яблонскийдің ХХ ғасырдың басындағы деректері бар. Жақын белгілі ұялау орындары болып Қара Ертіс өзенінің бойы табылады (Гаврилов 1999). 2017 жылғы 23 маусымда Өрел ауылы маңындағы шалшық көлде еркегі кездестірілді(сур. 6).
Бақалтақ қыран Hieraaetus pennatus. Сирек кездесетін келіп-кетер түрі ретінде көрсетілген, ұя салатындығы болжамдалынатын (Стариков 2006). 2016 жылдың 5 шілдесінде Сухая речка шатқалында Катон-Қарағай ауылының маңында бірнеше күн жастағы 2 балапан бар ұйя табылды. Ұя балқарағай бүйір тармақтарында биіктігі 4 м болған.


Жалғасы - келесі жарияланымдарда...


2018 жылдың 23 сәуірінде Риддер қ. мемлекеттік қоры жерлерде Кедровский орман шаруашылығының 1 кварталына , Пихтовский ММ-не өрт қаупі табылды. Апаттың тез таралуына (15 м/с) күшті жел себепші болды. Риддер авиатобының қызметкерлерінің жаттыққан іс-әрекеттерінің күшімен өрт Мемлекеттік орман қорының маңында тоқтатылды. Өрт алаңы – 3га.



2018 жылғы 16 сәуірде Шығыс авиабуынының өндіріс-ұшу қызметінің инспекторы В.П.Санаровпен" Марқакөл орман шаруашылығы" КММ және Марқакөл МТҚ қызметкерлерімен теориялық сабақтар жүргізілді. Сабақтардың мақсаты келесі сұрақтарды пысықтау болып табылады:

- орман өрттерді сөндіру кезінде авиациалық және жердегі орман қорғау арасындағы өзара іс-қимылдары;

- әуе кемесімен радиоалмасуды жүргізу;

- әуе кемесінің қатысуымен өртті оқшаулау және жою кезінде техника қауіпсіздігі.

Оқытудан кейін мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қауіпі маусымына дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Мәселелерді талқылау барысында бір жалпы міндет бөлінген – орман өртін сөндіруде қатысатын барлық құрылымдардың өзара нақты іс-қимылы.



2018 жылдың 16 сәүірінде Қарқаралы авиатобы Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Парк (әрі қарай – ҚМҰТП) басшылығымен бірге қорғалатын аймақты бірінші рет ұшып бақылауынорындады. Авиабақылау кезінде кордондардың нөмірлеуі өткізілді, сонымен қатар ҚМҰТП инспекторларымен және орманшылықтарымен радиобайланыс өткізілді. Жанып жатқан өрт ошақтарын оқшаулау кезінде тірек желісі болып және төменгі өрттің тарауына бөгет болатын өрткеқарсы жолдардың жәй-күйін тексеру жүргізілді. Орман өрттерінің пайда болуының және тарауының алдын алу мақсатында бақылаулы өртеу өткізуін бастау жағыдайы нақтыланды. Мемлекеттік орман қорының аумағын және оған іргелес мемлекеттік қоры жерлерін тексеру кезінде үнемі авиабақылауын бастау қажеттілігі анықталды.



Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге шын жүректен, ашық аспан аясында егеменді еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілейміз.

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге шын жүректен, ашық аспан аясында егеменді еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілейміз.

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.

"2018 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусым белгілеу Туралы " №17-5-6/82 Бұйрығына сәйкес,Батыс-Алтай, Марқакөл, Нурызұм және Қорғалжын мемлекеттік табығи қорықтырының, «Ертіс Орманы», «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының, «Алтын дала», «Ақжайық», «Ырғыз –Торғай» мемлекеттік табиғи резерваттарының, «Бұрабай», «Көкшетау», «Бүйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи пакртер, Қарқаралы, Катон-Қарағай, Баянауыл, Сандықтау орман шаруашылығы оқу-өндірістіктер және  "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорныны, сонымен қатар Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының  әкімдіктерінің орман табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мекемелерінің Басқармалары аумақтарында 2018 жылдың 15 сәүірінде өрт қауіпі бар маусым басталады.

"2018 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусым белгілеу Туралы " №17-5-6/82 Бұйрығына сәйкес, Алакөл, Алматы, Үстүрт, Барсакелмес, мемлекеттік табиғи қорларының, «Алтын Емел», «Іле-Алатау», «Көлсай Көлдері", «Жоңғар Алатау» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық  табиғи парктардың, сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Қызыл Орда, және Маңғыстау облыстарының  әкімдіктерінің орман табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мекемелерінің Басқармалары аумақтарында 2018 жылдың 10 сәүірінде өрт қауіпі бар маусым басталады.

"2018 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусым белгілеу Туралы " №17-5-6/82 Бұйрығына сәйкес, Ақсу- Жабағлы, Қаратау мемлекеттік табиғи қорларының, Сайрам-Өгем мемлекеттік табиғи парктардың, Оңтүстік Қазақстан   облысының  әкімдігінің орман табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мекемелерінің Басқармалары аумақтарында 2018 жылдың 1 сәүірінде өрт қауіпі бар маусым басталады.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға