20-30 сәуір аралығында жер үсті орман күзету қызметкерлерінің және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК авиациялық бөлімшесінің қатысуымен 4 өрт анықталды және оқшауланды.
20-30 сәуір аралығында халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері 5 профилактикалық дәріс өткізді. Тыңдаушылар орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты. Сондай-ақ, өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары таратылды.