2020 жылғы 20 шілдеде Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Ақкөл ҚММ (шамамен ауданы 400 га), Мойынқұм ҚММ (шамамен ауданы 60 га), Ұланбел ҚММ (шамамен жиынтық ауданы 14 га) аумақтарында 4 өрт анықталды. Өрт туралы ақпарат дереу жердегі өрт сөндіру қызметтеріне оларды оқшаулау және жою бойынша шаралар қабылдау үшін жіберілді.

 

2020 жылдың 19 шілдесінде Калинин орманшылығының, Семиозерный ҚММ 160 кварталының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Қостанай авиациялық бөлімшесі мен Семиозер ҚММ күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға Барлығы 15 адам жұмылдырылды, оның ішінде Қостанай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші десантшысы, 6 техника, тікұшақ. Өрттің себебі-найзағай.

 

2020 жылғы 20 шілдеде халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің АӨК нұсқаушысы В.В. Бабаков Шалдай ауылының жергілікті тұрғындары арасында өрткеқарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізді. Дәріске қатысушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

 

2020 жылғы 19 шілдеде күзетілетін Көкшетау авиациялық аудан аумағынан дала өрті табылды. Өрттің мемлекеттік орман қоры аумағына өту қаупі туындады. Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Өрт апатымен күреске Көкшетау авиациялық бөлімшесі мен Шалқар филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. Өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп шешілді. Өртті ауыздықтауға барлығы 12 адам жұмылдырылды, оның ішінде Көкшетау авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, 2 техника, тікұшақ.

 

2020 жылдың 19 шілдесінде Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақтың авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік босалқы жер аумағынан өрт шықты. Өрт Меркі орманшылығының, Меркі КММ-нің 1 кварталының аумағына өту қатері туындады. Өрт туралы ақпарат дереу жердегі өрт сөндіру қызметтеріне оны оқшаулау және жою бойынша шаралар қабылдау үшін жіберілді.

 

2020 жылдың 19 шілдесінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақтың авиациямен қарауылдау барысында Қарқаралы МҰТП, тау орманшылығының 137 орамының буферлік аумағындаөрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Қарқаралы авиациялық бөлімшесі мен Қарқаралы МҰТП-нің күштері мен құралдары тілсіз жаумен күреске жұмылдырылды. Тұтануды шектеуге барлығы 14 адам жұмылдырылды, оның ішінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, 2 бірлік техника, тікұшақ.

 

2020 жылдың 18 шілдесінде Абылайхан ауылдық округінде өрт шықты. Қатты желдің салдарынан (14 м/с) өрт Бұқпа ММ Самарбай орманшылығының 63 орамының аумағына өтті. Өрт апатымен күреске Бұқпа ММ, Боровской авиациялық бөлімшесі мен ТЖД күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға барлығы 17 адам жұмылдырылды, оның ішінде Бурабай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші десантшысы, 5 техника, тікұшақ.
2020 жылдың 17 шілдесінде Бурабай орманшылығының 6 орамы, Бурабай МҰТП аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Бурабай авиациялық бөлімшесінің және Бурабай МҰТП күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға барлығы 24 адам жұмылдырылды, оның ішінде Боровский авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
2020 жылдың 17 шілдесінде Көкшетау авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Д.А. Ульяницкиймен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Аврора демалыс аймағына келушілер арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісі өткізілді. Дәріске қатысушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

 

2020 жылдың 17 шілдесінде Қараөзек ауылдық округі аумағында Отрадный КММ, Чернореченск орманшылығының 56 кварталына қауіп төндіріп өрт шықты. Өрт апатымен күреске Бурабай және Ақмола авиациялық бөлімшелерінің, Ұрымқай ОШ және Отрадный ҚММ күштері мен құралдары лақтырылды. Өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп төнді. Өртті ауыздықтауға Ақмола және Бурабай авиациялық бөлімшелерінің десантшы-өрт сөндірушілері, 8 бірлік техника, 2 тікұшақ барлығы 15 адам жұмылдырылды.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға