
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою мәселелері;
- Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 гг.
Бұл жолы табиғат қорғау қызметкерлері біздің телеарнаның қызметкерлерімен бірлесіп авиарейд өткізуді шешті. Құс ұшуының биіктігінен көлдер мен ормандардың, Оқжетпес таулары мен Жұмбақтас жартастарының барлығының кереметін өз көзіңмен көруге болады. Бірақ, бұл табиғи тыныштықты бұзуға батылдығы барлар табылады. Рейдтің басты мақсаты-табиғатқа залал келтіретін браконьерлерді анықтау.
Юрий Хиляй-тәжірибелі аңшы. Аң аулау үшін барлық қажетті құжаттарды жинап, тиісті рұқсат алды. 5 үйрек, 3 қаз-бәрі заң бойынша өндірілген. Ол, өзіне сұрақ қояды: флора мен фаунаны бақылаусыз жойа отыып, болашақ ұрпаққа не қалдыра аламыз?
ЮРИЙ ХИЛЯЙ, АҢШЫ
Мен аңшлықпен 8 жыл шұғыданам. Әр маусым сайын рұқсат аламын. Аңшылық қару заңға сәйкес сақталады. Биылғы жылы 5 үйрек рұқсат етілді. Маған бұл жеткілікті.
Бұл күні Кенесары ауылы маңындағы Хан көлінде 20 мың мөңке балық мен карптер жіберіді. Биылғы жылы облыста су қоймаларына балық жіберу жұмыстары жалғастырылуда.
САНСЫЗБАЙ ЫДЫРЫСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі күні заңсыз балық аулау бойынша 257 көшірме ресімделді. 3 миллион 563 мың теңгеге айыппұл салынды. Рейд барысында 59 балық аулау торлары мен 3 жүзу құралы тәркіленді.
Еске сала кетейік, жануарларды бақылаусыз ату және балық аулау заңмен
жазаланады.
2019 жылғы 30 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Баянауыл авиациялық бөлімшесінің ПҚТ нұсқаушысы Е. Б. Ибраев Торайғыр орта мектебінің оқушылары арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар МОҚ аумағында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға барғанда санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.