Проблемалық сұрақтар » Қазавиаорманқорғау



Проблемалық сұрақтар

1. Кәсіпорын бірінші проблемалық мәселе болып жалақының төмен деңгейі табылады – тиісінше, білікті мамандарды (есепші, экономист, заңгер, кадрлар бөлімінің мамандары және мемлекеттік сатып алу және т. б.) тарту мүмкіндігі жоқ, кадрлардың тұрақтамауы үлкен.

Тар бейінді мамандар ұшқыш-бақылаушылар, нұсқаушы және өрт сөндіруші десантшылар өз еркімен жұмыстан шығып, дәп осындай жұмысты Қазақстан Республикасынан тыс жерде табады (2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін 8 ұшқыш бақылаушы және 15 өрт сөндіруші- десантшылар өз еркімен жұмыстан босатылды).

Шешу жолдары: кәсіпорынның меншік нысанындағын өзгерту (АҚ, ЖШС).

2. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтық авиация Комитетімен сертификацияланған авиациялық орталықтарында ұшқыш-бақылаушытарды оқыту жүргізілмейді. Ұшқыш-бақылаушылар Ресей Федерациясының "Авиалесоохрана" ФБУ-да оқиды.

Шешу жолдары: "Авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 301 ҚР  инвестициялар және даму бойынша министры Бұйрығының  "Авиация ұшу персоналының кәсіптері" 3 тармағына еңгізу арқылы Ұшқыш-бақылаушы мамандығын заңдастыру қажет.

3. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК (орталық аппараты), Республикалық диспетчерлік қызметі (РДҚ) өз ғимараты жоқ, Іле-Алатау МҰТП гимаратында тұрғын алаң жалдайды.

Авиатоптар орналасу үшін (Қостанай, Өскемен) жерді және үй-жайларды бөлу туралы мәселе осы күнге дейін шешілмеген.

4. Орман-авиациялық жұмыстар орындау кезінде нормативтік құжаттардың   болмауы.

Тиісті салалық министрліктердің жобалау институттарын келесіні әзірлеу бойынша тарту қажет:

- орман-авиациялық жұмыстарды орындау бойынша басшылықты

- ағымдағы сәтте 30.01.2015 ж. № 18-02/64 "Орман қорын күзету және қорғау авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі Ережелеріне " өзгерістер енгізу

5. Мемлекеттік сатып алулар

Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ың негізгі мемлекеттік электрондық сатып алумен ӘК жалдау қызметтерді сатып алу,  ЖЖМ (арнайы автокөліктерге) сатып алу, арнайы киімдер мен өрт сөндіру құралдарын сатып алу болып табылады.

•"Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның" 9-бабының 1 тармағының 4): «тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы» тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге кепілдік қамтамасыз ету және тиісті келісім-шарттардың орындалуы кезінде тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, біліктілік талаптар қойуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар сол бабтың 2 тармағы «1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;  2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді» дейді.

•бізбен сатып алынатын тауарлардың және өртке қарсы құралдардың, құрал-жабдықтардың (орман өрттерін сөндіру бойынша өндірістік міндеттерінің сапасы мен сәйкестігі бойынша жоғары талаптар қойыладтын) және бірегей ерекшелігі бар (Ресей және алыс шетелде шығарылатын) химиялық құралдардың (ретарданттар, көбік) ерекшелігі және реті туралы хабардар емес жеке компаниялардың электрондық сатып алуға қатысуы.

6. Ормандарды авиациямен күзету 8 869 мың га. құрайды (МОҚ жалпы аумағының 29%, ол 30,56 млн. га. құрайтын).

Ұсыныс:

• Ормандарды авиациялық қорғауын орындау үшін, қорғалатын МОҚ аумағын ұлғайту бойынша мәселе  өзекті.

Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар 259 көш.
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: airbar@list.ru

Яндекс.Метрика

РМҚК-ның "ҚАЗАВИАОРМАНҚОРҒАУ" ресми сайты© 2011-2019. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайттың мәліметтерін қайта басуға және пайдаланұға тек қана сайттың әкімшілігінің келісімі
бойынша рұқсат берілген.