Қазавиаорманқорғау РМҚК Ми-2 тікұшағы орман-авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ браконьерлік фактілерін, табиғат қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілетін аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған авиациялық рейдтер жүргізу үшін пайдаланылады.

2019 жылғы «Мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусымды белгілеу туралы» №17-5-6/75 бұйрығына сәйкес, 2019 жылы 1 сәуірде  мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі маусымы басталады - Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Алакөл, Алматы, Үстірт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорықтары, "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Іле-Алатау, "Көлсай Көлдері", Жоңғар-Алатау, Шарын және Сайрам-Өгем, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелері.

Ақмола авиабөлімінде 2019 жылдың 26-27 наурыз аралығында өрт қауіпті маусымға дайындық аясында жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді.
   
Бурабай авиабөлімі 2019 жылдың 27 наурызында өрт қауіпсіздік маусымға дайындық аясында жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді.
Павлодар авиабөлімі 2019 жылдың 27 наурызында өрт қауіпсіздік маусымына дайындық аясында жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді.

Бородулиха авиабөлімі 2019 жылдың 27 наурызында өрт қауіпсіздік маусымына дайындық аясында өрт сөндіру және байланыс құралдарын, сондай-ақ таборлық мүліктерін пайдалануға дайындық жүргізілді.

Қостанай авиабөлімімен 2019 жылдың өрт қауісіздік маусымына дайындық кезеңінде келесі іс-шаралар орындалды:

- АӨҚ жеке құрамы медициналық тексеруден өтті;

- жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді;

- таборлық мүлкі мен өрт сөндіру құралдарын пайдалануға дайындық жүргізілді;

- АӨҚ жеке құрамының дене шынықтыру дайындығы жүргізілді;

- қызметтік автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және консервация жүргізілді;

- картографиялық материалдарды дайындау жүргізілді;

- радиостанцияларды пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Көкшетау авиабөлімімен 2019 жылдың өрт қауіпсіздік маусымына дайындық кезеңіне келесі іс-шаралар орындалды:

- АӨҚ жеке құрамы медициналық тексеруден өтті;

- жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді;

- таборлық мүлкі мен өрт сөндіру құралдарын пайдалануға дайындық жүргізілді;

- АӨҚ жеке құрамының дене шынықтыру дайындығы жүргізілді;

- қызметтік автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және консервация жүргізілді;

- картографиялық материалдарды дайындау жүргізілді;

- радиостанцияларды пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

   
Қарқаралы авиабөлімінде 2019 жылдың 26 наурызында өрт қауіпсіздік маусымына дайындық шеңберінде жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді. Оның ішінде өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша жаттығу сабақтары өткізілді. Авиабөлімнің жеке құрамы орман өртін сөндіру кезінде ормандарды авиациялық және жердегі қорғау арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерінде дайындалды. Орман шаруашылығында қолданылатын радиобайланыс құралдарын пайдалану туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ орман өрттерімен күрес кезінде қолданылатын техникалық және басқа да құралдар бойынша сабақтар өткізілді, өрт дамуының әртүрлі жағдайларында оларды қолданудың техникалық сипаттамалары мен тәсілдерін талдау жүргізілді.

   

Фотосуретте орман және дала өрттерімен күрес кезінде қарсы отты қосу немесе тірек жолағынан күйдіру әдісімен топырақ жамылғысын және төсеніштерді жағу үшін қолданылатын АЗ-4 өрт сөндіру аппаратын қолдану көрнекі көрсетілді. Тірек жолағын дайындағаннан кейін өрт жиегіне қарай күйдіру орындалады.
2019 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысында Долба орманшылығының, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 28, 31, 34, 40 және 43 кварталдарына қауіп төніп тұрған ірі дала өрті болды. Баянауыл авиациялық бөлімшесі мен жер үсті орман күзеті қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында дала өрті майданда оқшауланып, мемлекеттік орман қорына қауіпі жоқ.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға