Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бақанас орман шаруашылығының 2015 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы жайында және 2016 жылға өрт маусымына дайындығы туралы кеңестік жиын өтті.
Аталмыш жиынға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Нүсіпбаев Қанат Ақылулы, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының» оңтүстік авиазвеносының командирі Мамбаев Жанат арнайы келіп қатысты. Кеңестік жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытбек Рахымбаев жүргізді. Басқосуға селолық округ әкімдері, «Авиациямен орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы», аудандық төтенше жағдай бөлімі, аудандық өрт сөндіру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, учаскелік инспекторлар, шаруа қожалықтар басшылары қатысты. Алғашқы болып сөз кезегін алған Бақанас орман шаруашылығының директоры Ақшабай Нұрханов өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшілік тұстарына тоқтала келе, үстіміздегі жылға өрт маусымына дайындықтары туралы кеңінен баяндама жасады. Баяндама барысында Бақанас орман шаруашылығына қарасты жер көлемі мен мемлекеттік мекемедегі қызыметкерлердің штат кестесі бойынша, сонымен қатар, техникалық базасына қысқаша тоқталып, ауданымыздың байлығын сақтап, өрт қаупінің алдын алудағы жоспарлы істерін атап өтті.
Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша орман шаруашылығын нығайтуға қосқан үлестері үшін қызметкерлерді марапаттады.
ШҚО Зайсан ауданының аумағында 2015 жылдың 12 тамызынан бастап 14 тамыз аралығында орын алған ірі орман-дала өртін сөндіру кезінде шұғыл әрекет еткен В.Е. Литвинов тұлғасы басқарып отырған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК әуебуынының ұжымына алғысымызды білдіреміз. Әуебуынын қатыстыру арқылы өрт орнын биіктен қадағалау, жағдайды бағалау және өртті жою бойынша іс-қимылдар жоспарын жасау мүмкіндігі туды. Төңіректі аралап ұшу қорытындысы бойынша жетуі қиын таулы өлкеде өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар жоспары өндірілді. Өртті сөндіру кезеңінде авиаорманқорғау қызметінің 23 қызметкерлер жүмылдырылды, олар тікұшақтан барлау жасағаннан кейін жетуі қиын жерде өрт сөндірді. Зайсан ауданы әкімдігінің, ШҚО ТЖД, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, Зайсан орман шаруашылығының орман күзетшілерінің өзара жұмыла жаған іс-қимылдарының арқасында өрт жылдам арада, айтарлықтай зарарын тигізбей жойылды.
Табиғатты өрттен қорғау игі істе одан әрі ынтымағымыз нығаятынына сенім білдіреміз.
Бастық ШҚО ТЖД, өртке қарсы қызмет полковнигі Р. Нұрбатчанов
Катонқарағай МҰТП жылда көктем айларында өткізіп жүретін орман және дала өртін сөндіру жөніндегі жаттығуын Үлкен Нарын орман шаруашылығының және көршілес Зырян ауданындағы әріптестерін, «Қазавиаорманқорғау» базасының Катонқарағай бөлімшесінің, аудандағы №36 және №37 өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілерін қатыстыра отырып, біріккен іс-қимылмен кең көлемде жүргізді. Жаттығуға барлығы жиырмадан астам өрт сөндіру техникалары, екі тікұшақ, оншақты ат, екі жүзге тарта адам күші тартылды. Оған көрші Ресей елінен байқаушылар, ауыл әкімдері арнайы келіп, тілсіз жауды «ауыздықтаудағы» біріккен іс-қимылдардың куәсі болды. Жаттығуға да өте қолайлы «Үшкүнгей» телімі таңдап алынды. Бір жағы қайың мен терек, қылқан жапырақты ағаш өскен ну орман, екінші жағы ашық беткейлі жота, ортасы ашық алаң жаттығуды өткізуге де, оған басшылық жасауға да таптырмас орын болды. Жаттығудың ашылуы салтанатты түрде өтті. Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналып, сапқа тұрған өрт сөндірушілер алдында Катонқарағай МҰТП бас директоры Ерлан Мустафин кіріспе сөз сөйледі. Жаттығуға қатысушыларды Алматыдан арнайы келген РМҚК авиациямен орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасының бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы, аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков құттықтады. Өрттің тұтанғаны туралы дабыл көтерілгеннен кейін, өрт сөндірушілер жіті қимылмен іске кірісті. Биік тау беткейінде тұтанған өртке жүргіштігі жоғары өрт сөндіргіш машиналар, атты жасақ қарсы барды. МИ-2, МИ-8 тікұшақтарынан десанттар түсіріліп, темір құбырлармен су жеткізілді. Орман ішінде тұтанған өртпен №36, №37 өрт сөндіру бөлімдері мен Зырян, Үлкен Нарын орман шаруашылықтарының өрт сөндіргіш техникалары, адамдары, МҰТП-нің MTЛ шынжыр табанды тракторы ашық айқасқа түсті. Жаттығуға қатысушылардың жақсы дайындығы мен шеберліктерінің арқасында бас аяғы он бес минуттың ішінде он екі жерде болған өрт тоқтатылып, жарты сағатта толығымен жойылды. Жаттығу қорытындысында сөйлеген сөздерінде Е. Мұстафин, Ж. Тыныбеков өрт сөндірушілердің бірлескен қимылдарына жоғары баға берді. Астаналық мейман, «Қазавиақұтқару» Акционерлік қоғамының Бас директоры М. Досымбеков, Т. Сексенбаев бүгінгі жаттығу жұмысына ризашылықтарын білдіріп, өрт сөндірушілерге осы деңгейлерінен түспей шеберліктерін шыңдап, бірліктерін нығайта берулерін тіледі. Сонымен бірге, ол Ресейден келген қонақтарға да сөз арнап, ортақ мақсат, бір мүддеде ынтымақтастықпен екі елге, екі жерге қызмет өте беруге шақырды.
Жәнібек Қызыр Катонқарағай ауданының газеті "АРАЙ"
«Семей Орманы» мемлекеттік орман қорығының бүкіл аумағында 2016 жылдың 11 сәуірінен бастап өрт қаупі зор маусым басталды. Сондықтан, Ми-2 тіқұшағының борты 2016 жылдың 13 сәуірінен бастап жедел дайындыққа келтірілді. Авиациялық патрульдер өрт қәупінің санатына және нақты болған өрт санына байланыс жүргізіледі. Сонымен қатар авиациялық патруль кезінде орманның санитарлық жағдайына бақылау жасалып, орманды заңсыз кесушілермен күрес жұмыстары да жүргізіледі.
Өрт қаупі зор маусым басталғаннан бері Семей және Бородулиха филиалдарының аумағында екі өрт туындады. Өртті дер кезінде байқап, жедел әрекет етудің арқасында екі өрт ошағының да таралуына жол берілмей, тез арада тоқтатылды. Сонымен қатар, Семей қаласы аумағында шаруа қожалықтары тарапынан мемлекеттік орман қорына қауіп төндірудің екі фактісі тіркелді. Бұлар - бақылаусыз ауылшаруашылық жерлерін өртеу және жағу.
20 мамырда Изатулла ауылының маңында ТЖМ, Қазавиаорманқорғау және Орман күзеті күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, оған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК директоры Т.Сексенбаев қатысты. Аталған оқу-жаттығу шарасы барысында Қазавиаорманқорғау және Орман күзеті күштері орман өртін сөндіру жаттығуларын жасады. Күн енді жылынып, ыстық жазғы күндер басталған қазіргі шақта адамдар орман өрттерінің шығуына негізгі себеп болатыны рас. Найзағайлар маусымы әлі келе қойған жоқ. Сондықтан, адамдардың орманға енуі қатаң түрде рұқсатнама арқылы жүзеге асырылып, бұл жұмыстарды Орман күзеті жүзеге асыруы тиіс.
Өрт - тілсіз жау. Бұған дейін де талай орманды алқаптарды жалмаған өртті болдырмау қоршаған ортаны қорғаушылардың қолында. Сондай жауапкершілік бүгінде «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасына да артылып отыр. Ол жөнінде «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» РМҚМ қазақ базасының инженер инспекторы Рахым Исаев баяндады.
- Әсіресе, жаз айларында орман-тоғайда, кең өлкеміздің табиғатында өрттің шығуы жиі кездеседі. Қауіпті өрттің туындау себебі неде?
- Орман-тоғайларда былтырғы шөптер қурап, ауа райы ысып, өрт қауіптілігі ықтимал мерзім келді. Жаз шығып, күн ыси бастағанда, қыстай қар астында жатқан қураған шөптер орман-тоғайға өрт қауіптілігін туғызады. Басты себептері: жеке шаруа қожалықтары көктемгі егіндіктің орнын дайындап, мал жайылымын тазартамыз деп, былтырдан қалған шөптерді өртейді. Ал өрт жүздеген, мыңдаған гектарға жетіп, орман-тоғайға өтеді.
Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір облыс әкімдеріне жіберген: «Өткен жылдан қалған шөпті өртемеу» деген тапсырмасын іске асыруымыз керек. Сондықтан шаруа қожалықтары ауылдық округтік әкімдіктер, орман шаруашылығы қызметкерлері дала өртіне жол бермей, өрт қауіптілігі ережелерін сақтап, газет, теледидар, радио арқылы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, табиғат байлықтарын сақтап, қорғау жолында күресу керек.
- «Өрт қауіптілігін бақылау» маусымы аясында қандай міндеттер жүктеліп отыр?
- Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық комитеті 2012 жылы орманда өрт қаупі маусымына қарсы дайындық жасау үшін Орман кодексінің 4-бабының 55-тармағына сәйкес, климаттық факторларды және ауа райы жағдайларының болжамын ескере отырып, 2012 жылы орман өрті қаупі бар маусымының басталу және аяқталу күнін белгілеп, 30.03.2012 ж. №88 бұйрығын шығарып, еліміздегі орманшыларға, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасына, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларға, мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық парктерге, мемлекеттік табиғи резерваттар және орман шаруашылығы комитетіне ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі белгіленіп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шаруа қожалықтарының және өзге ауыл шаруашылығы танаптарында аңыздықты, егістік және басқа да өсімдік қалдықтарын өртеуіне бақылау жасалуын қамтамасыз етіп, орман өрттерінің шығу фактілері бойынша істің дер кезінде рәсімделуін және материалдардың құқық қорғау органдарына дер кезінде берілуін қамтамасыз етуді міндеттеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігі, Өртке қарсы қызмет көрсету комитетінің «Орман өрттері шыққан жағдайларда өзара хабардар ету туралы» 2009 жылы 29 мамырдағы №12 және 2009 жылғы 5 маусымдағы №163 бұйрықтары, сондай-ақ «ҚР-дың орман қоры аумағындағы ірі орман өрттері туралы жедел хабарландыру схемасын бекіту туралы» комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары «Ормандарды авиациямен қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасы бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі белгіленді.
Жыл сайын әр облыстың аудандық, ауылдық әкімшіліктерде, осы әкімшіліктердің әкімдері, жергілікті орман шаруашылығының басшылары, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасынан, төтенше жағдайлар бөлімінен аудандық өрт сөндіру бөлімінен, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік нұсқаушылары, шаруа қожалықтарының басшылары қатыстырылып, орман-тоғайды өрттен сақтап қалу үшін өртке қауіпті маусымға өртті болдырмаудың шараларын қарап, үлкен жиналыс ашып, шешім қабылданады. «Қазавиаорманқорғау» базасында биылғы жылдың қауіптілігі бар маусымына дайындық ретінде республика бойынша әрбір авиабөлімшелерде өрт сөндіруші десантшылармен, ұшқыш бақылаушылармен оқулар, дайындықтар өткізіліп, жаңа маусымға сақадай-сай болып дайындалды.
- Ал осыған дейін орын алған өрттің шығуына қарапайым жандардың кесірі тиіп жүрген жоқ па?
- Орман өртінің пайда болуына 90 пайыз адамдар кінәлі: орман-тоғайда өртке қарсы ережелерді білмеуінен немесе білсе де өртке қарсы ережелерді сақтамауынан, орман-тоғайда жұмыс істеп жүрген демалушылардан кейін өшірілмей қалған от алаулары, автокөлік пен тракторлардан шыққан ұшқын, сөндірілмеген темекі қалдығы, т.б. Осының салдарынан қурап тұрған шөп тұтанып, үлкен өртке айналады. Өрт шыққан сәтте жел соғып, дауыл тұрып, қас-қағым сәтте үлкен алқап жанып кетеді. Егер орманшылар мен әуеден қорғайтын өрт сөндіруші десантшылар тез шара қолданып өшірмесе, халық шаруашылығы миллиондаған теңге шығынға ұшырайды.
Өртенген ағаштар қайта қалпына келу үшін ондаған жылдар керек. Өрт жүріп өткен жерде қаншама жабайы аңдар, құстар, олардың ұялары отқа жанып кетеді. «Семей орманы» резерватында, Беген ауылында адамдар шығын болып, бүкіл бір ауыл жанып кеткен жағдай болған. Ал орман өрттерін өшіруге мыңдаған адам, жүздеген техника, тікұшақтар қатыстырылады. Осының бәрі орман шаруашылығына, халық үшін өте көп шығын.
Ал орман-тоғайдың адам өміріне берер пайдасы өте көп: оттегі, денсаулық, ауа райын жұмсартады, халықтың демалатын орны, таудағы, орман-тоғайдағы қыста жауған қар мен мәңгілік мұздардың тез еріп кетуіне кедергі жасап, көктемнен күзге дейін таудың басындағы бұлақ көздерін сумен толтырып, олар өзен арналарына құйылып, ауыл шаруашылығын, егін суаратын сумен қамтамасыз етеді. Орман-тоғайлардың көп өртенуінің салдарынан өзендердің сулары азайып, көлдердің деңгейі төмендеп, тартылып жатыр. Мұндай жағдайлар бүкіл жер жүзінде болып жатқан құбылыстар.
- Өрттің құрбаны болмас үшін қандай алдын алу шараларын жүргізу керек?
- Мысалы, Парижде Сена өзенінің жағасында үлкен қалалық жағажай бар. Сол жерге миллиондаған қала халқы жиналып, Бастилияны алған күнді атап өтеді. Сол мейрам өткен үлкен аумақта демалушылардан кейін ешқандай тойдың ізін қалдырмай барлық қоқысты жұрт өзімен жинап алып кетеді. Мұны халық өздерінің парызы ретінде санайды.
Неге бізге де орман-тоғайға, тауларға демалуға барған халыққа солай жасап, тәртіп орнатпасқа? Орман өрттерін өшіруден сақтандыру жеңіл.
Көбіне саяхатшыларымыз жақсы, табиғаты сұлу жерлерге барып демалады. Сондықтан әрқайсысы өрт қауіпсіздігін сақтап, сөндірілмеген темекі қалдығын, жағылған сіріңкені тастамай, от алауын өшіріп, отырған орындарын тазалап кетулері керек.
"ГИРС-120РБ" өрт сөндіру жүйесі орман және дала өрттерімен
күресу мақсатында орман және ауыл шаруашылығы салалары үшін арнайы әзірленген.
Аппарат ыңғайлы, қарапайым және үнемді, бір жанармай (бензин) құюлуымен 8-10 өрт
сөндіргіш сұйықтық құюға жетеді, бұл қысқа мерзімде өрт сөндіру сұйықтығының аз
шығынымен және оператордың ерекше күш-жігерінсіз жануды оқшаулауға мүмкіндік
береді. Тиімді сөндіру қашықтығы 4 метрді құрайды, бұл орман жағдайында
жеткілікті. Өрт сөндіру сұйықтығының 1.5-2.0 м қосындысы бар ағынының алыстығы кезінде өрт
ошағы бойынша жұмыс тиімділігі бірнеше есе артады. Қысымның реттеуіші, шүмек
реттеуіші, газ тұтқасымен сұйықтықтың шығынын бақылауға және өңделетін аумақтың
ауданын бірнеше есе арттыруға болады. Сондай-ақ бүріккіш құрылымдарды салқындату,
газсыздандыру, дезинфекциялау, дезактивациялау, санитарлық және басқа да өңдеу
мақсатында суды және түрлі препараттардың су ерітінділерін жоғары тиімді бүрку үшін
арналған. Бүріккіш 1кВ дейінгі кернеудегі электр қондырғыларын қоспай, 1 м-ден
астам қашықтықты қоса алғанда, сумен сөндіруді жүргізуге мүмкіндік береді.
ГИРС өрт сөндіргіш зат ретінде дыбыстан жоғары (80 м / с) газ ағынымен
айдалатын жұқа шашыраңқы сұйықтықты (суды) пайдаланады. Алынған газ сұйықтығы ағын
жинақы алысқа төзімді ағыс түрінде немесе 50 градусқа дейін ашу бұрышымен кең
алау түрінде қалыптасуы мүмкін. Сұйықтық 0,2 С-ден үздіксіз және импульстермен
берілуі мүмкін.
Отты сөндіру жоғары оқшаулағыш, кіретін және салқындатқыш қасиеттерімен,
сондай-ақ жоғары жылдамдықты газ сұйықтығы ағынының әсерінен жалынның үзілуі қамтамасыз
етіледі. Өрт сөндіру ерітіндісінің тұтас ағысының болмауы электр қондырғыларын
кернеумен сөндіруге мүмкіндік береді.
Тиісті жүк көтергіштігі бар тікұшақтардың сыртқы аспасында
тасымалданатын ВСУ-5А суағар құрылғысы ашық су қоймаларынан (су қоймасынан, көлден,
өзеннен, теңізден) тікұшақтың іліну режимінде су алуға, өрт болған жерлерге су
жеткізуге және іліну немесе үдемелі жылдамдық режимінде ағызуға арналған.
АЗ-4 тұтандырғыш аппараты. АЗ-4 от жағу аппараты орман өрттерімен
қарсы отты іске қосу немесе тірек жолағынан күйдіру, сондай-ақ кесінділерді
отпен тазарту, ауыл шаруашылығы алқаптарын жүргізу және бақыланатын күйдіру
кезінде кесу қалдықтарын жағу әдісімен күрес кезінде топырақ жамылғысын және төсеніштерді
жағу үшін қолданылады. Төменгі орман өрті орташа, ал одан да күшті қарқындылығы,
жалын биіктігі 1,5-2 метрден асса, ал өрт жиегінің қозғалыс жылдамдығы 3 м/мин
жоғары болса, өрт жиегін тікелей сөндіру жылу сәулесінен жоғары температурадан
және таралу жылдамдығынан мүмкін емес. Бұл жоғарғы өрттерге де қатысты.
Бұл жағдайда
табиғи шептерден: бұлақтардан, батпақтардан, жолдардан, соқпақтардан өрт сөндіру
қолданылады немесе орман өртінің жиегінен есептік ара қашықтықта орман өсіру жағдайларына,
орман өртінің қарқындылығы мен түріне байланысты жер қазу техникасын немесе қол
құралдарын қолдана отырып, минералдандырылған жолақ құрылады.
Тірек жолағын дайындағаннан кейін өрт жиегіне қарай күйдіру орындалады.
Суға арналған өрт резервуарлары (РДВ-100). Суға қол жеткізу
шектелген кезде, көп жағдайда да, суға арналған резервуарлар орман өрттерімен күресу
үшін ең қажетті құрал болып табылады.
FR CROS 134 P препараты өрт сөндіру тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады, сумен араластыру кезінде оның өрт сөндіру әсерін арттырады. Осы құраммен өсімдік және өсімдік қалдықтарын өңдегеннен кейін, сыртқы факторлардан жану мүмкіндігі толық жоғалады және отқа төзімді қасиеттер ұзақ уақыт сақталады.
"ЭФКО-136" (Италия) бензинды ара өрт орнына кіре берісте үйінділерді тазарту үшін қолданылады.
Ауа үрлеу-бүріккіш АМ-190 (Италия). Жинақы және үлкен салмақ айналымдағы жеңілдікті қамтамасыз етеді, жану орындарында отты жоюға мүмкіндік береді.
Техникалық сипаттамалары
Қуаты, ЛС 5,0
Қозғалтқыш көлемі, куб. см. 72,4
Сұйық багының сыйымдылығы, л 14
Макс. сұйықтық шығыны, л / мин 0,5-3
Салмағы, кг 12,5
Кіші орман-қарауылдау өрт кешені (КЖТЗ) күзетке, адамдарды және өртке қарсы жабдықтарды төмен орман өрттері орындарына жеткізуге және төменгі орман өрттерін сөндіруге байланысты қажетті өртке қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған. Қолдану саласы - барлық орман өсіру аймақтары. МЛПК қоршаған ауаның температурасы +40С-қа тан -40С-қа дейін болғанда пайдалануға және жарықсыз сақтауға арналған.
Жинақтау:
Цистерна үшін су көлемі 500 л. 1 дана.
"Спрут-3" мотопомпасы 1 дана жеңдермен жиынтықта
Жоғары қысымды өртке қарсы қондырғы (УПВД) "Ермак" 1 дана.
"PYROCOM" 1 дана.
РП-18 "Ермак" өрт сөндіру ранеці 5 дана.
Ауа үрлеу-бүріккіш 1 дана.
Бензинді ара 1 дана.
Газодымозащитный жиынтығы ГЗДК 5 дана.
Жеке медициналық жиынтық (дәрі қобдишасы) 5 дана
Балта-мотыгы 5 дана.
Күректер 5 дана.
Қоятын жиынтық (жәшіктерді) 2 дана.
"Ермак" жеңіл өрт модулі, жеңдері және сыйымдылығы 1 м3 тасымалданатын/ тіркеме жүрісте Жеңіл өрт модулі ауылдық елді мекендер, өндірістік және орман шаруашылығы мақсатындағы объектілер жағдайында өртпен күрестің тиімді құралы. Мобилділік (кез келген автокөлікпен тасымалданады), жеткілікті су қоры (жұмсақ сыйымдылығы 600-ден 4500 л-ге дейін жинақталады), сөндірудің жоғары тиімділігі (мотопомпаның шығу қысымы 7 атм. ерікті өрт жасақтары мен муниципалдық құрылымдардың, ауыл шаруашылығы және орман кәсіпорындарының кәсіби командаларын жабдықтаған кезде "ЕРМАК" ЕПМ алмастырылмайды. Жинақтау:
НР-15 Мотопомпа 1 дана
"HONDA" қозғалтқышы 5,5 л. с.
Сыйымдылығы РДВ-1000-1 дана.
Араластырғыш PYROCOM 1 дана.
Қатты майлау. PYROCOM 5 дана.
Сорғыш жең (5м) 1 дана.
Жең. арынды 25 мм 80 м.
Жең. арынды 38 мм 40 м.
Өрт оқпаны 3 дана
Өрт ранеці "РП-18-Ермак" 1 дана.
"Авиа орман күзеті" десанттық және жер үсті бөлімшелері, ТЖМ қызметтері, орман ұйымдары пайдаланатын ең тиімді құрылғылардың бірі "Ермак" өртке қарсы жоғары қысымды орнату болып табылады. Еңбек өтілі бар қызметкерлер өзін жақсы көрсете білген югославиялық "Которна" қондырғыларын есіне алады. Біздің компания импорттық аналогтардан кем емес осы қондырғының "Ермак" нұсқасын жеткізеді.
Қондырғының жұмыс істеу принципі үлкен қысыммен ұсақ дисперсті сумен сөндіру әсеріне негізделген, бұл ретте судың шығыны минутына 10-15 литр ғана. Қондырғы қатты сулағышты беру жүйесімен жабдықталған, осылайша сөндіру әсері артады.
Жоғары қысымды шлангтың аз салмағы мен жеткілікті ұзындығы көп қабатты ғимараттарды сөндіру кезінде жоғары ұтқырлықты қамтамасыз етеді. УПВД УАЗ маркалы барлық автомобильдерде, сондай-ақ кез келген жүк автомобилінде тасымалдануы мүмкін.
Техникалық сипаттамалары:
Қозғалтқыш: Briggs & Stratton (АҚШ) 4-хтактілі, қуаты, кВт, (л / с) 4,3 (6,0)
Өнімділігі, (л/мин) 10-15
Жоғары қысымды сорғы имп.
Қысым, (бар) 170
Ағыстың ұзақтығы, (м) 17-ге дейін
Жоғары қысымды шланг имп.
Шланг ұзындығы, (м) 50-75
Көлемі, (д/щ/в) см 55*55*55 Салмағы, кг 62
"РП-18 "Ермак"аспалы орман өрт сөндіргіші (РЛО) төменгі орман өрттерін сумен және су ерітінділерімен сөндіруге арналған.
Техникалық сипаттамалары:
Ұзындығы (см.) 52
Ені (см.) 36
Биіктігі (см.) 16
Су шығыны (л./мин.) 2,25
Жабдықталған салмағы (кг.) 20,5
Суға арналған сыйымдылық (л.) 15-18
Ағыстың ұзақтығы, (м) 10-12
2010 жылдың шілде айынан бастап аспалы орман өрт сөндіргіші жаңа құралдармен: судың үстіртін тартылуын бірнеше рет азайтатын таблеткамен - суландырғышпен жарақтандырылады, бұл өрт ошағын сөндірудің өңделетін ауданында су шығынын айтарлықтай төмендетеді және жалынның өшу жылдамдығын арттырады.
Бір таблетка өртке қарсы "РП-18" Ермак" ранцасын немесе "Ангара" ауа үрлегішін үш құюға арналған.
Гидропульт корпусы никель хромдалған жабыны бар шток (ішкі бөлігі) бар дюрал қорытпасынан немесе соққыға төзімді поливинилхлоридті Пластмассадан жасалуы мүмкін. Гидропульттердің екі түрі-түсті металдан жасалған штуцер және гайка.
Қарапайым және ыңғайлы бүріккішті, ықшам ағыннан шашырауға оңай ауыстырып қосу керек. Жұмыс циклдары арасындағы үзілістерде жұмыс сұйықтығының түсуін жабатын гидропульттің ішіне салынған бекіту клапанының (неміс материалынан жасалған) түпнұсқалық конструкциясы. Клапанның бұл конструкциясы басқа өндірушілер қолданатын шар кранынан бас тартуға мүмкіндік берді, бұл бұйымның салмағын, көлемін төмендетті, жұмысқа ыңғайлылықты арттырды.
"Ермак" аспалы орман өрт сөндіргішінің сыйымдылығы мыналардан тұрады: - "Уфимский завод эластомер материал, бұйымдар мен конструкциялар ("УЗЭМИК" ААҚ) ААҚ шығарған резеңке МЛО-6м қапты (бүгінгі таңда барлық дерлік аймақтардың орман шаруашылығы қызметкерлерінің пікірінше, бүгінгі күні - ранцты өрт сөндіргіштерге арналған ең жақсы сыйымдылық), - жұмсақ шеттері бар пластикалық материалдан жасалған кең реттелетін арқанды белдіктермен, - пенополиэтилен негізінде "GERMAFLEX" материалынан дайындалған жылу өткізбейтін төсемі бар сигналдық түсті берік матадан жасалған қап; - көбік түзетін сұйықтықты мөлшерлеу үшін өлшегіш стакан (көлемі 180 мл) болып табылатын тор мен қақпағы бар мойын;
Көбік түзетін саптама көбік түзетін сұйықтықтың барлық түрлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.