2022 жылғы 13 қыркүйекте Бөкебаев авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" РММ МОТҚ аумағында 2 өртті анықтады. Өрттерді оқшаулауға жер үсті орман күзетімен бірлесіп Бөкебаев авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.
2022 жылғы 15 қыркүйекте Талдықорған авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы С.М. Мұхатаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Тау Заңғар" ЖШС қызметкерлері мен келушілері арасында "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Тыңдаушылар орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған жағдайдағы іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты. Әңгімелесу барысында тыңдаушыларға өртке қарсы насихат жөнінде парақшалар таратылды.