2022 жылдың 5 шілдесінде Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 24 орамы аумағында өрт анықталды. Жану орнына Баянауыл авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшылары, жердегі орман күзетінің және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
2022 жылғы 5 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Ертіс Орманы"МОТР РММ аумағында 2 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.