2020 жылдың 28 тамызында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі А.М. Төкен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "АЗИЗ" Қарқаралы сауда үйінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында алдын алу дәрісі өткізілді. Кәсіпкерлер, сауда үйінің сатушылары мен сатып алушылары ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтаудағы іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.
2020 жылғы 28 тамызда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көктерек орманшылығының, Бесқарағай филиалының 52 орамының аумағынан өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті оқшаулау мен жоюға барлығы 11 адам жұмылдырылды, оның ішінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, 3 техника, тікұшақ.