
2020 жылғы 14 маусымда Бөкебай күзетілетін аумақтың авиациялық бөлімшесімен авиациямен қарауылдау барысында Дөнгелек орманшылығының, Беген филиалының 129 квартал аумағында өрт анықталды. Өрт апатымен күресуге Бөкебай авиациялық бөлімшесі мен Беген филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға тікұшақ, Бөкебай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Беген филиалының 37 адамы, 12 техника жұмылдырылды.
Өрт Урюпин ауылдық округінің маңында болған. Өрттің мемлекеттік орман қоры аумағына өту қаупі туындады. Өрт апатымен күреске Ақмола Авиациялық бөлімшесі мен Ақкөл ММ күштері мен құралдары лақтырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт мемлекеттік орман қорына зиян келтірместен 0,1 га алаңда жойылды, тұтануды жоюға барлығы 9 адам жұмылдырылды, оның ішінде Ақмола авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, 4 бірлік техника.
2020 жылғы 14 маусымда Баянауыл орманшылығының 8 орамының, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесінің және Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары өрт сөндіру құралдарымен лақтырылды. Қол жеткізу қиын жерлерде пайда болған өрт 0.0008 га алаңда жедел оқшауланды, тұтануды оқшаулауға барлығы 45 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт қарауылдауда. Өрттің шығу себебі-найзағай.