

2019 жылғы 20 тамызында Бөкейбай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Бөкейбай орманшылығының 82 кварталы, Бөкебай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күреске Бөкебай авиациялық бөлімшесі мен Бөкебай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өрт 0,04 га аумақта жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға: Бөкебай авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бөкебай филиалының 7 адамы, 3 техника жұмылдырылды.
2019 жылғы 18 тамызында Бөкейбай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Рамадан орманшылығының 201 кварталы, Бөкебай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күреске Бөкебай авиациялық бөлімшесі мен Бөкебай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті оқшаулауға және жоюға: тікұшақ және Бөкебай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бөкебай филиалының 10 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
2019 жылдың 18 тамызында Аққу орманшылығына, Ақкөл ҚМУ қаупі бар өрт шықты. Ақмола авиациялық бөлімшесі мен Ақкөл ҚМУ-нің күштері мен құралдары өрт сөндіру апатымен күреске жіберілді. Өрт фронт бойынша оқшауланып, 0,01 га алаңда жойылды,мемлекеттік орман қорына қауіп төну сейілді. Өртті оқшаулауға және жоюға Ақмола авиациялық бөлімінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, Ақкөл ҚМУ қызметкерлері, 4 техника жұмылдырылды.