Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді АстанаКүні - Мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.

2019 жылы 5 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімінде "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау" тақырыбында жиналыс өткізілді. Шалдай ауылдық округі әкімдігінің өкілі келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жүргізді:

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою мәселелері;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.

2019 жылы 5 шілдеде Риддер авиациялық бөлімінде "Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу" тақырыбындажиналыс өткізілді. Риддер қ. өкілі полиция майоры Сакенов Н.Д. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңының нормалары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және олар үшін жауапкершілікке қатысты ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамасының нормалары түсіндірілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі түрлері, оның қоғамның экономикалық дамуы мен мемлекеттік тұрақтылығына кері әсер етуі туралы айтылды.

Сөз сөйлеуден үзінді:

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптерден ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту жолымен Мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа да тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды әзірлеп, қабылдады, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу шарттарын белгілейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. ҚР Президентінің "ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" жарлығы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қабылданды. Жарлықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін еңсеру мәселелеріне және оның көріністерінің алдын алуға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу келесі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

1) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүзеге асыратын қызмет. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін тұтастай алғанда барлық қоғам күресуге тиіс. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын туғызған кезде ғана осы зұлымдықпен күресте оң нәтижелерге жетуге болады.

 

2019 жылы 5 шілдеде Өскемен авиациялық бөлімшесінде "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау" тақырыбында жиналыс өткізілді. ШҚО ЖП ЖПБ инспекторы, аға лейтенант Советбеков Е.Н. түсіндірілді:

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою мәселелері;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;

- Қорытынды ережелер.

2019 жылғы 5 шілдеде Шалдай филиалының Шалдай орманшылығының 20 кварталы аумағында, өрт болды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.08 га. шағын алаңда жойылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК АӨҚ  3 адамы, Шалдай филиалының 9 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды.

2019 жылғы 4 шілдеде "Краснокордон НМ" КММ жанындағы "Саялы" лагеріне келушілер арасында халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде "Орманда отты пайдалану кезіндегі сақтық шаралары" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Балалар орман алқабында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға келген кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәрісті Көкшетау авиациялық бөлімінің АӨТ нұсқаушысы Гущин Д. С. өткізді.
2019 жылғы 3 шілдеде таңертең Баянауыл орманшылығының 24 кварталы, Баянауыл МҰТП аумағында белгісіз себеппен өрт шықты. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесі мен Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.002 га шағын алаңда жойылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның 2 адамы, Баянауыл МҰТП-ның 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
2019 жылғы 2 шілдеде "Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының Первомай орманшылығының 33 кварталы аумағында пайда болған өрт жойылды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар авиациялық бөлімінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалдай филиалының 5 адамы, 3 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.

 

 

2019 жылғы 1 шілдеде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары табиғатты қорғау полициясының инспекторы Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп  табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында күзетілетін аумақты аралау жүзеге асырылды. Авиарейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

2019 жылғы 1 шілдеде таңертең Баянауыл орманшылығының 24 кварталы, Баянауыл МҰТП аумағында белгісіз себеппен өрт шықты. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесі мен Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.002 га шағын алаңда жойылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның 2 адамы, Баянауыл МҰТП-ның 5 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға