- АӨҚ жеке құрамы медициналық тексеруден өтті;
- жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді;
- таборлық мүлкі мен өрт сөндіру құралдарын пайдалануға дайындық жүргізілді;
- қызметтік
автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және консервация жүргізілді.
Талдықорған авиабөлімі 2019 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңінде келесі іс-шараларды орындады:
- негізгі өрт сөндіру құралдарын, өрт сөндіру инвентарын және таборлық мүліктерін пайдалануға дайындау және консервациядан шығару жүргізілді;
- АӨҚ жеке құрамы медициналық тексеруден өтті;
- жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді;
- Таборлық мүлкі мен өрт сөндіру құралдарын пайдалануға дайындық жүргізілді;
- АӨҚ жеке құрамының дене шынықтыру дайындығы жүргізілді;
- қызметтік автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және консервация жүргізілді;
- радиостанцияларды пайдалану
бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
2019 жылдың өрт қауіпсіздік маусымына дайындық шеңберінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бөкебай авиабөлімінде десанттық-өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы арнайы пәндер бойынша емтихан тапсыра отырып, теориялық оқытудан өтті:
1. Десанттық дайындық;
2. Байланыс және ақпарат;
3. Орманөртік жабдықтар мен механизмдер;
4. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
5. Еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы.
2019 жылдың 26, 27 наурызында өрт қауіпсіздігіне маусым дайындығы шеңберінде Катон-Қарағай авиабөлімінде жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді.
Қымбатты Отандастар!
Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.
Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.
Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым.
Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім.
Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.
Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім.
Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.
Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды.
Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз.
Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.
Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін.
Президент лауазымына кіріскеннен бастап өңірлерді аралап жүрмін. Халықтың көңіл-күйін жақсы білемін. Зиялы қауыммен, еңбек ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен, инвесторлармен, халықаралық тұлғалармен кездестім.
Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек.
Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін.
Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек.
Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым.
Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет.
Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.
Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!
Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін.
Қадірлі Отандастар!
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз.
Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!