2022 жылғы 5 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Ертіс Орманы"МОТР РММ аумағында 2 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы айтулы күні Сіздерге ашық аспан, мықты денсаулық, зор бақыт, отбасына амандық тілейміз!

 Ізгі тілекпен, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК ұжымы.

2022 жылғы 5 шілдеде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РЭУ аумағында 8 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 3 шілдеде Бурабай авиациялық бөлімінің мамандары Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшты. Әуе сапары барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.


2022 жылдың 1 шілдесінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК қызметкерлерін "десантшы-өрт сөндірушілерді кәсіби даярлау" бағдарламасы аясында Баянаул авиация бөлімінде десантшы-өрт сөндірушілер арасында теориялық сабақтар басталды. Сабақты "Авиаорманқорғау" ФБМ Ресей мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері ,оқытушы Арсенов Александр Павлович жүргізеді.

2022 жылдың 30 маусымында Букебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Канонерский филиалының Қарамұрза орманшылығының 8 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

Орман-үлкен құндылық. Орман-бұл көптеген ағаштар мен басқа өсімдіктер ғана емес, сонымен қатар көптеген өсімдіктер өсетін және гүлдейтін мыңдаған түрлі жануарлардың үйлерін тапқан бүкіл әлем. Бір сәтте, қысқа уақыт ішінде бұл болмауы мүмкін. Өрт-орманның басты жауы, ол бірнеше сағат ішінде оны және барлық тұрғындарды демде жоя алады. Бірнеше секунд ішінде ғасырлық ағаштар жанады. Жаңасын отырғызу және өсіру үшін жылдар ғана емес,  бірнеше ондаған жылдар қажет.  Орманда болған кезде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз: жанып жатқан сіріңкелер мен темекі тұқылдарын лақтырмаңыз, қылқан жапырақты жас ағаштар мен ескі өртеңдерде, шөбі, мүк және шөбі кеуіп қалған учаскелерде от жақпаңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Орманда өрт болған жағдайда төмендегі нөмірлерге хабарласыңыз:

78-77-32;  78-77-26; 87056019680 101

Ормандарды өрттен сақтау-әрбір азаматтың парызы. Сондықтан өңір жұртшылығын табиғатқа ұқыпты қарауға және барынша өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.

Қоршаған ортаны оттан бірге сақтайық!

В. Бабаков

Авиа өрт сөндіру командасының нұсқаушысы

Павлодар авиациялық бөлімі

Шарбақты Газеті

2022 жылдың 29 маусымында Катон-қарағай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Берел филиалы Берел орманшылығының 49 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге Катон-қарағай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен бірге жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 28 маусымында "Ертіс Орманы" МОТР РММ аумағында 2 өрт анықталды. Өрт болған жерге Павлодар авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен  жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға