2021 жылдың 24 сәуірінде мемлекеттік орман қорына қауіп төндіретін дала өрті табылды. Өрт шыққан жерге тікұшақтың көмегімен өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар жеткізіліп, қонды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0,2 га алаңда ауыздықталып, жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды. Тұтануды оқшаулау және жоюға: тікұшақ, Ақмола авиациялық бөлімшесінің 4 десантшы-өрт сөндірушісі, Отрадный ҚМУ-нің 5 адамы жұмылдырылды.
2021 жылғы 24 сәуірде Өскемен авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері қорғалатын аумақты аралап шықты. Бұқтырма су қоймасы ауданында авиациямен қарауылдау барысында сол аудандағы саяжай алқаптарына ықтимал қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт туралы ақпарат жердегі қызметтерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жіберілді.
2021 жылғы 23 сәуірде Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері күзетілетін аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт шыққан жерге тікұшақтың көмегімен өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар жеткізіліп, қонды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0,3 га алаңда ауыздықталып, жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды. Тұтануды оқшаулау және жоюға: тікұшақ, Ақмола авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы жұмылдырылды.
2021 жылғы 23 сәуірде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2021 жылдың 22 сәуірінде Алматы авиациялық бөлімшесінің АӨК нұсқаушысы А.Б. Хамраев халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "IdealAuto" ЖШС қызметкерлері арасында "орманды өрттен сақта"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
2021 жылдың 21 сәуірінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің АӨК нұсқаушысы В.В. Бабақовпен тұрғындарды ақпараттандыру бойынша Бағдарлама шеңберінде Шалдай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері арасында "орманды өрттен сақтаңыздар" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Ұйым қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
2021 жылғы 21 сәуірде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Өскемен авиациялық бөлімшесінің ӘПК нұсқаушысы М.В. Воробьевпен "Ақ-бота" дүкеніне келушілер арасында "ормандағы өртке қарсы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Дәріс барысында қатысушылар МОҚ аумағындағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен таныстырылды.
2021 жылғы 21 сәуірде Бөкебай авиациялық бөлімшесінің мамандары орман иеленушілермен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.