"2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусым белгілеу туралы"№27-5-6/65 бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 6 сәуірде аумақтарда өрт қауіпті маусым басталады - Мемлекеттік табиғи қорықтарында, "Ертіс Орманы" және "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарында, "Алтын дала", "Ақжайық", "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваттарында, "Бурабай", "Көкшетау", "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде, Тарбағатай, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, Баянауыл, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығында және "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында, республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру орталығында, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелеріде.

1. Орман қорын күзету және қорғау қағидалары жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;
2. Десанттық дайындық;
3. Орман өртсөндіру жабдықтар мен механизмдер;
4. Байланыс және ақпарат;
5. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.

Оның ішінде
десанттық-өрт сөндіру қызметі жеке құрамының дене даярлығы бойынша
нормативтерді тапсыру жүргізілді, Өрт сөндіру құралдарын өрістете отырып, орман
өрттерін сөндіру бойынша жаттығуларды пысықтау бойынша сабақтар өткізілді.
