2019 жылы 14 сәуірде Баянауыл авиациялық бөлімшесі бір күн бұрын Қарағанды облысының Долбин орманшылығымен шекарада Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған ірі дала өртіне қызмет көрсетуді аяқтады. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер үсті орман күзетімен екі күндік бірлескен жұмыс нәтижесінде дала өртінің мемлекеттік орман қоры аумағына өтуіне жол берілмеді.
2019 жылғы 14 сәуірде Ақмола авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Ақкөл орманшылығының 76 кварталының аумағында, Ақкөл ҚММ-де өрт шықты. Ақмола авиациялық бөлімшесі мен жердегі орман күзеті қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда жойылды. Өрт аумағы-0,2 га.
2019 жылдың 14 сәуірінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінің өкілдерімен бірлесіп күзетілетін аумақты бірінші рет аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында МКК орманшылықтарымен және инспекторларымен радиобайланыс, кордондардың нөмірлері тексерілді. Өртке қарсы жолдардың жай-күйін, мүмкін болатын төменгі өрттердің таралуына тосқауылдар және жұмыс істеп тұрған ошақтарды оқшаулау кезінде тірек сызықтарын тексеру жүргізілді. Орман өрттерінің пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында бақылаудағы өрт сөндіруді бастау үшін жағдай нақтыланды. Мемлекеттік орман қорының аумағын және оған іргелес мемлекеттік қор жерлерін тексеру кезінде тұрақты авиациямен қарауылдауды бастау қажеттігі тексерілді.
Қазавиаорманқорғау РМҚК Ми-2 тікұшағы орман-авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ браконьерлік фактілерін, табиғат қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілетін аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған авиациялық рейдтер жүргізу үшін пайдаланылады.

2019 жылғы «Мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусымды белгілеу туралы» №17-5-6/75 бұйрығына сәйкес, 2019 жылы 1 сәуірде  мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі маусымы басталады - Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Алакөл, Алматы, Үстірт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорықтары, "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Іле-Алатау, "Көлсай Көлдері", Жоңғар-Алатау, Шарын және Сайрам-Өгем, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелері.

Ақмола авиабөлімінде 2019 жылдың 26-27 наурыз аралығында өрт қауіпті маусымға дайындық аясында жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді.
   
Бурабай авиабөлімі 2019 жылдың 27 наурызында өрт қауіпсіздік маусымға дайындық аясында жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді.
Павлодар авиабөлімі 2019 жылдың 27 наурызында өрт қауіпсіздік маусымына дайындық аясында жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді.

Бородулиха авиабөлімі 2019 жылдың 27 наурызында өрт қауіпсіздік маусымына дайындық аясында өрт сөндіру және байланыс құралдарын, сондай-ақ таборлық мүліктерін пайдалануға дайындық жүргізілді.

Қостанай авиабөлімімен 2019 жылдың өрт қауісіздік маусымына дайындық кезеңінде келесі іс-шаралар орындалды:

- АӨҚ жеке құрамы медициналық тексеруден өтті;

- жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді;

- таборлық мүлкі мен өрт сөндіру құралдарын пайдалануға дайындық жүргізілді;

- АӨҚ жеке құрамының дене шынықтыру дайындығы жүргізілді;

- қызметтік автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және консервация жүргізілді;

- картографиялық материалдарды дайындау жүргізілді;

- радиостанцияларды пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға