
Талдықорған авиабөлімі 2019 жылғы
өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңінде келесі іс-шараларды орындады:
- негізгі өрт сөндіру құралдарын,
өрт сөндіру инвентарын және таборлық мүліктерін пайдалануға дайындау және
консервациядан шығару жүргізілді;
- АӨҚ жеке құрамы медициналық тексеруден өтті;
- жеке құраммен орман өрттерін
сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру
құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері
орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді;
- Таборлық мүлкі мен өрт сөндіру
құралдарын пайдалануға дайындық жүргізілді;
- АӨҚ жеке құрамының дене
шынықтыру дайындығы жүргізілді;
- қызметтік автокөліктерге
техникалық қызмет көрсету және консервация жүргізілді;
- радиостанцияларды пайдалану
бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.