Табиғат байлығына заңсыз қол сұғу елімізде әлі күнге дейін тыйылмай тұр. Браконьерлермен күрес те тәртібінде. Күні кеше ғана, «Қазәуеорманқорғау» мемлекеттік мекемесі тікұшағы көмегімен еліміздегі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, облыстық аумақтық инспекциялар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Бақанастан — Балқашқа дейінгі табиғи аймақты әуеден бақылады.
Заңсыз балық аулау, аң ату, өсімдік жинау алыс аймақтарда жиі орын алады. Сондықтан, бұл заңсыздықты ауыздықтау үшін әуе бақылау жұмыстарын да қатар жүргізеді.
«Қазәуеорманқорғау» РМҚК-ның аға-ұшқыш бақылаушысы Талғат Алиевтің айтуынша, әуе бақылауының жүргізілуі браконьерлердің заңсыз іс-қимылдарына біршама тосқауыл жасайды.
Кезекті әуе рейді барысында бірқатар заңсыздықтар әшкереленді. Қалың қамыс пен арнасы қысқа көлдердің арасында жол талғамайтын көліктерімен жайғасқан браконерльердің біразы ұсталды. Ең өкінішістісі, тікұшақты көре сала, қаруларын тығып,  балықтарды суға жіберіп үлгергендері де бар. Бірақ, кәсіби инспекторлар қалың қамыстың өзінен қаруды да, тыққан балықты да тауып алды. Соңынан, ұсталған азаматтарға  хаттама толтырылып, айыппұл жазылды.
Заңның осал тұстарын біліп алған, кәсіби браконерльер инспекторлардың жұмысына біраз кедергі келтіргенімен, нақты айғақтар табылып, олардың заңнан құтылып кетпеуіне тосқауыл болды. Дегенмен, төңірегін қоқысқа толтырып, ластап тастаған табиғат қаскөейлеріне тек заңсыз балық аулау және құс ату дерегі бойынша ғана айыппұл жазылды.
«Демалып отырмыз,-деген азамат маңындағы қамыс арасынан қару табылды. Ал суда жаңадан атып өлтірілген қырғауыл жатыр. Жергілікті тұрғынның қалтасынан қару оғы табылды. Енді полиция арқылы іс сотқа жіберіледі», -дейді Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы Леонид Сидоренко.

Әлімжан МҰСАЕВ, Төменгі Іле инспекциясының бас маманы:

-Іле өзенінің арнасынан балықшыларды көрдік. Тексеру барысында 5 қармағы бар, балық аулайтын рұқсат қағаздары жоқ азаматты,  әкімшілік кодекстің 386-бабының 1 тармағымен хаттамаға толтырдық. Енді бұл кісі жауапқа тартылады. Айыппұл көлемі- 12025 теңге болады. Бұл айыппұлды жеті күн ішінде төлемесе, 24050 теңге төлеуіне тура келеді. Негізі қала тұрғындары заңды жақсы біледі және заңды бұзады. Ондай жағдайлардың барлығына біз тиісті жаза қолданамыз. 

Сәкен Ділдахмет, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

-Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, облыстық аумақтық инспекциялар, «Қазәуеорманқорғау» және «Охотзоопром» мекемелері жыл бойы еліміздің орман қорын, жануарлар дүниесін, сонымен қатар су айдындарында балықтарды заңсыз браконьерлерден қорғау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізеді.
2018 жылдың 31 қыркүйегіне дейінгі дерек бойынша, биылдың өзінде 7428 рейдік жұмыс өткізілді. Ал 6736 табиғат заңнамасын бұзушылық анықталып, 5855 адам әкімшілік жазаға тартылды. Табиғат заңнамасын бұзған шығын көлемі — 80 млн. 900 мың теңге құрайды. Бүгінгі күнге дейін 68 млн. теңге мемлекет қазынасына игерілді.

Бұл бақылаудың басты мақсаты — еліміздің өсімдіктер және жануарлар дүниесінің сақталу, өсімін молайтуға бақылау жүргізу және әрбір су айдындарында, елді-мекендерден заңсыз аңшылыққа, заңсыз балық аулауға шыққан азаматтарды заң бойынша жазаға тарту. Бұдан бөлек, комитет тарапына қатысты әрбір жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елмен, халықпен кездесулер өткіземіз. Алдын алу шараларын ұйымдастырамыз. Халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жауапкершіліктің мәнін түсіндіреміз. 2016, 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырсақ, браконьерлік бойынша заң бұзушылықта айтарлықтай өзгерістер жоқ.

Еліміздің аудандары өте үлкен. Сондықтан мамандар саны жеткіліксіз. Мысалы, кейбір инспекторлардың бақылауына 100, тіпті 500 гектар жер беріледі. Оның барлығын бір күнде бақылау, тексеру мүмкін емес. Соған қарамастан, мамандарымыз табиғат байлықтарын қорғау жұмыстарын тиянақты түрде жүргізуде.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, «Қазақ газеттері» ЖШС


Браконьерлер құрықталды. Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өткізген рейд кезінде табиғатқа залал келтіргендер оқиға орнында ұсталды. Жалпы, жыл басынан бері табиғатты қорғау саласында 550-ден астам заң бұзу фактісі тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 5 млн. теңгеге жуық. Бұл жолы Мемлекеттік инспекторлар мен Табиғатты қорғау полициясы Қаратал өзенінің бойы мен Балқаш көліне дейін шолып өтті. Санаулы минутта Үштөбе қаласының маңындағы күріш алқаптарында қырғауыл атуға шыққандар құрықталды. Тікұшақ қонғанша атып алған олжасы мен қаруды қамысқа жасырып үлгерген. Азаматтың аңшылық кітапшасы мен қаруының құжаттары бар болғанымен, белгіленген аймақта аң-құс атуға рұқсаты болмай шықты. Хаттама толтырылып, қырғауыл мен мылтық тәркіленді.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
- Осындай әуе кемесі арқылы жасалған рейдтік шаралар өз нәтижесін беруде. Табиғат қорғаушылардың айтуынша, жылдан-жылға заң бұзу фактілері азайып келеді. Бұл өз кезегінде түз тағысының санының артуына үлес қосуда. Ал, Лепсі өзенінің Балқаш көліне құяр тұсында заңсыз балық аулаған азамат ұсталды. Ол ешбір рұқсат құжатсыз 44 келі ақмарқа аулаған.
Ринат Құмашев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- 587 жеке тұлға заңсыз аң аулағаны үшін және балық орман қорларын заңсыз пайдаланғаны үшін ұсталып, олардың үстінен әкімшілік істер қозғалып, 6 млн. теңгеге жуық айппұл салынды. Табиғат қорғаушылардың айтуынша, қазір браконьерлер мұздай қаруланған. Байланыс құралдары, әуеден бақылау камерасы және жол талғамайтын көліктер олардың ізіне түсуді қиындатады.
Юрий Тоқтаров, Қаратал аудандық ІІБ Табиғатты қорғау полициясының инспекторы:
- Әрқайсысында радиостанция бар десе болады. Қолдарында жерсеріктік байланыс бар. Біз бір жерде тексеру жүргізіп жатсақ, олар екінші жерді ескертіп үлгереді. 10 айда заңды белшесінен басқан 10 адамға қылмыстық іс қозғалды. Екі азамат сотталды. Тағы екеуінің ісі қаралып жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«2018 жылғы өрт қауіптілігі маусымын мемлекеттік орман қорының аумағында аяқтау туралы» №17-5-6 / 265 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 1 қарашада Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумақтарында өрт қаупі бар маусым аяқталды.

2018 жылдың 23-24 қазаны аралығында РМҚК «Қазавиаорманқорғау» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары табиғат пайдалану заңнамасының сақталуын қадағалау және қоршаған ортаны қорғау заңнаманы бұзушылықты анықтау мақсатында Ұлттық табиғи парк аумағында Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірге ұшып шықты. Әуепатрульдеу  барысында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы тұяқтылардың түрлері тіркелді. Аймақтың авиациялық инспекциясының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзу анықталған жоқ.

ПАРК БОЙЫНША ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1998 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1212 Жарлығымен құрылды. Құрылудың мақсаты - Қарқаралық және Кент таулы ормандарының бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру болды.

Қарқаралы-Кент тау түйіні бес салыстырмалы түрде бөлінген тау топтарынан тұрады: Бұғылы, Шанкөз, Матен, Aйыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент Массиві көріністі ландшафты асимметрияға ие: олардың солтүстік беткейлерлері тік және бұлақтар мен өсімдікке бай, оңтүстік және батысқа  қарағанда. Олар - жартас жоталар мен шыңдар желісін қалыптастырады, олар бір-бірінен терең шатқалдармен, аралық таулы алқапта және жұмсақ  жазықтармен бөлінеді.

Осылайша, Қарқаралы массивінде Тар-кезең және Ақпет, Бұғылы және Айыр шыңдары,  ерекше шыңдармен танымал Комсомол шыңы (1,403 м), Шанкоз (1,360), Бугулы (1,323), Көктөбе (1 254) және басқа да бірқатар айтарлықтай биіктікте.

Ұлттық парктің аумағында омыртқалы жануарлардың 190 түрі, сүтқоректілердің 46 түрі, құстардың 120-дан астам түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, амфибияның 2 түрі және балықтардың 15 түрі бар. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, сілеусін.

1940 жылға дейін ұлттық парк аумағында аюлар кездесетін. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жануарлардан мына  тұрлері бар: арқар, манул; құстар - бұйра пеликан,  аққулар, алтын бүркіт, жерлеу алаңы, шалғай, шелпек, шауып, қара шалбар.

Каркаралы тауларында өсімдіктердің 800-ге жуық түрі кездеседі. Қазіргі уақытта Қарқаралы МҰТП территориясында арнайы қорғанысқа мұқтаж 66 өсімдіктердің түрі  және 15 қырыққұлақ түрлері анықталды. 5 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: жіңішке көкнәр, Қарқаралы қарақұйрықтары, Еділ адонисі, тәтті сфагнум, қырғыз қайыңы.

 Мақалада аға бақылаушы Т.В.Плотниковтың фотосуреттері пайдаланылды.

2018 жылдың 25 қазанында РМҚК «Казавиаорманқорғау»  Мемлекеттік кәсіпорын мамандары Алматы облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының бұзылуын бақылау және табиғатты пайдалану заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мақсатында Балқаш ауданының аумағын тексеруді жүргізді. Ұшу барысында балық аулау және аң аулау ережелері бұзылған.

2018 жылдың 24-ші қазанында РМҚК «Қазавиаорманқорғау» Мемлекеттік кәсіпорын мамандары «Куртинск орман шаруашылығы» өкілдерімен бірлесіп, табиғатты пайдалану заңнамасының сақталуын қадағалау және қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтау мақсатында ұшулар жүргізілді.

Ұшу барысында ферма аумағында өрт анықталды. Өрт туралы ақпарат дереу жердегі қызметтерге берілді, оны оқшаулау және жою үшін қажетті шараларды қабылдады. Ұшу кезінде бұзушылық анықталмады.

Биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу және өсіру, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы белсенді ынтымақтастық және өндірістің дамуын қамтамасыз ету үшін жетістіктер үшін аға бақылаушы пилот Ибрагимов Я.Р. Ведомстволық наградалар марапатталды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы К.О. Рыскелдиновтың құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл кәсіпорынның үздік қызметкерлерінің бірі - Оңтүстік авиация бөлімінің командирі Ж.М.Мамбаевқа берілді.
 

 Якубжан Рустамович, қымбаттым! Кәсіпорын ұжымы сізді жоғары деңгейдегі жеке жәнеұйымдастырушылық қасиеттеріңіздің тікелей растамасы болып табылатын лайықты сыйлықты алуға шын жүректен құттықтайды. Сізге бұдан әрі табысты өмір салты, жақсы денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

2018 жылдың 06 қазан күні Алматы авиабөлімінің ұшқыш-байқаушымен мемлекеттік қордың аумақ жерлерінде өрт табылды. Өрт туралы ақпаратты   оқшалау және жою мақсатында  жедел түрде шара қолдану үшін құрлықтағы өрт өшіру қызметке берілді. Өрттің сол сәттегі аумағы 0,5 га құрады.

2018 жылдың 6 қазан күні «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның мамандарымен және «Бақанас орман шаруашылығы» КММ өкілдерімен бірлесе отырып орман шаруашылығының аумағына табиғатты пайдалану қағиданы сақтау және табиғатты сақтау заңнама бойынша фактілерді бұзушылықты анықтау мақсатында аралап ұшып шықты. Әуе рейд бойынша бұзушылық анықталмады.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға