Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге шын жүректен, ашық аспан аясында егеменді еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілейміз.

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге шын жүректен, ашық аспан аясында егеменді еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілейміз.

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.

2018 жылғы өрт қауіпі маусымына дайындық кезеңінде авиабөлімшелермен және авиатоптармен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК мынадай іс-шаралар орындалды:

- АӨҚ жеке құрамы медициналық тексеруден өтті;

- негізгі орман өрттерін сөндіру мәселелері бойынша, жұмыс қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өрт сөндіру құралдарын қолдануға, адамдар мен жүктерді орман өрттерінің пайда болған орнына ұшақпен жеткізуге жеке құраммен теориялық сабақтар өткізді;

- таборлық мүлік және өрт сөндіру құралдарын пайдалануына дайындық жүргізілді;

- АӨҚ жеке құрамның дене дайындығы жүргізілді;

- қызметтік автокөлікті консервациясын алу және техникалық қызмет көрсету жүргізілді;

- картографиялық материалды дайындау жүргізілді;

- радиостанциялармен пайдалану практикалық сабақтар жүргізілді.

  2018 жылдың 21 ақпанында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» РММ-де өрт қауіптілігі маусымына дайындық мәселесі бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің, Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу агенттігінің орман шаруашылығы басқармасының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік орман иеленушілері қатысты.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК кәсіпорнының атынан жиналысқа Қарқаралы авиатобының аға ұшқыш-бақылаушысы Т.В.Плотников қатысты.


Бас директордың орынбасары А.А.Кесимбаевтың баяндама оқу кезеңі,(ортада) бас директордың м.а. И.А.Абуев, Алматы облыстық аумақтық инспекция бөлімінің жетекшісі Л.П.Сидоренко.

   2018 жылы 8 ақпанда «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-да «2017 жылғы өрт қауіптілігі маусымының қорытындысы туралы» жиналыс өтті. Жиналысқа бас директордың м.а. И.А.Абуев, бас директордың орынбасары А.А.Кесимбаев, Алматы облыстық аумақтық инспекция бөлімінің жетекшісі Л.П.Сидоренко, кәсіпорын бөлімінің жетекшілері және орталық аппараттың ұжымы қатысты.

   Жиналыста бас директордың орынбасары А.А.Кесимбаев, бас бухгалтер А.С.Тулепбергенова, аға ұшқыш-бақылаушылар Т.Т.Алиев және М.К.Базарбеков 2017 жылдың өрт қауіптілігі маусымының қорытындысы туралы, және туындаған мәселелермен кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы баяндама оқыды.

    Кәсіпорынның негізгі қызметінің басты мәселесі тікұшақ қызметтерін ұсынудың мемлекеттік органдардың және бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың бірыңғай операторы болып табылатын «Қазавиақұтқару» АҚ-ның қызмет көрсету сапасына ерекше назар аудару болды.

    Бас директордың м.а. И.А.Абуев жиналысты қорытындылай келе, кәсіпорын бөлімінің жетекшілерімен барлық авиабөлімшелердің ұйымшылдық танытып жұмыс жасауына байланысты кәсіпорын алға қойған мақсаттарының бәрін толық көлемде орындап шыққанын атап өтті. Кәсіпорынның негізігі көрсеткіштерін әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алымдар бойынша әуе кемелерін жалға алу үшін рәсімдер жүріп жатыр, бұл, өрт қауіптілігі маусымы басталғанға дейін техниканың уақытында дайын болуы.

Қарағайы қалың жотадан будақтаған түтінді байқаған өрт сөндірушілер тікұшақты солай қарай бағыттап, өр жағындағы жазыққа қонды. Тұтанған жалын жан-жағын шарпып барады. Катонқарағай аумағындағы өртті әуеден бақылайтын бұл топ жедел қимылдап, тілсіз жаудың бетін қайтарды.

   Биылғы жазда Катонқарағай «ҚазӘуеОрманқорғау» бөлімінің қарамағындағы аумақта 21 рет дала өрті орын алған екен. Ол аумаққа Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы, Үлкен Нарын, Күршім, Зайсан өңірлеріндегі орманды алқаптар кіреді.

Барлығы 1 млн. 336,4 гектар жерден өрттің шықпауын қарап отырған он шақты ғана адам. Оның бірі аға ұшқыш-қараушы, енді бірі өрт сөндіруші десант тобының нұсқаушысы, радиооператор және өрт сөндіруші десантшылар.

Әсіресе, жаздың соңы мен күз айларында дала өрттері көп орын алады. Оның басты себебі — адамдардың далалы жерде, орманды алқаптарда өрт қауіпсіздігін сақтамауы. Жаққан оттарын толықтай өшірмейді, қураған шөпке шеккен темекі тұқылдарын тастай салады. Кейбір жағдайда тракторлардың мұржасынан шыққан ұшқын да өртке себеп болады. Халық отынды орманнан алады. Ал сол отын өртке себеп болатын аамдардың өздеріне керек екенін естерінен шығармаса екен, — дейді аға ұшқыш-қараушы Артем Воробьев.

Катонқарағай, Марқакөл өңірлері орман қорына бай болғанымен, ағаш алуға қолайлы орындар аз. Көп бөлігі техника жетпейтін жерлерде. Ағаш өңдеу осы өңірлерде кенже қалып отырғаны да осыдан болса керек. Жалпы, облыс бойынша ағаш дайындап, өңдейтін елуден астам ғана кәсіпорын бар. Олардың ішінде мардымды жұмыс істеп отырғандары саусақпен санарлық қана. Ал билетпен босатылған ағаштардың көп бөлігі отын ретінде ғана пайдаланылады.

Катонқарағай «ҚазӘуеОрманқорғау» бөлімінің мамандары қар түскенше бұл аумақтарын тілсіз жаудан қорғап, қалтқысыз қызмет етеді. Ашық күндері төңіректі әуеден шолып, өрт шығып кетпеуін бақылап отырады. Мұндағы әр маман өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қарамасқа бола ма?!

Алтай мен Зайсанның арасындағы орманды, таулы алқаптың жайқалып тұруы әуе өрт сөндірушілеріне тікелей байланысты. Қарағайлы жердің өрті бір лап етсе, сөндіру қиынның қиыны. Төр Алтайдың табиғатын темекінің тұқылы-ақ құртып жіберуге қауқарлы. Сондықтан табиғат әр адамның қорғауында болу керектігі де үнемі түсіндіріліп отырады. Артем Воробьевтің айтуынша өртті сөндіргеннен гөрі алдын ала халыққа ескерту жұмыстарын жүргізу тиімді. Ол үшін олар ауыл халқына далалы жерде от жағудың тәртібін түсіндіріп, ереже жазылған үндеу парақтарын таратады.

https://kaz.altaynews.kz/archives/19591

Мерей Қайнарұлы

Біздің елде орман өрттері үнемі кездеседі. Көп жағдайда орман өрті адамдардың кесірінен туындайды. Ормандағы барлық өрттердің үлкен бөлігі сырттан, яғни егістік алқаптарынан, жол жатқан, өзен жағалауларынан келеді. Орман өрттері теқ қана ормандардың жойылуына ғана емес, сонымен қатар елдімекендерге де қауіп төндіреді. Көктемгі және жазғы-күзгі кезеңде орманда адам саны ең көп болатын уақыт және олардың көпшілігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмейді. Олар өздерін қоршаған ортаға ұқыпсыз қарағанның салдарынан, темекі тұқылын немесе сіріңкені өшіруді ұмытып тастап кететіндіктен және өртті сөндіріп кетуге ерінгеннің себебінен өрт туындайды. Бұның барлығы жаман ниеттен туындамайды, алайда арты қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады. Орманға демалуға жиналсаңыз өрт қауіпсіздігі ережесін есіңізден шығармағаныңыз абзал. Табиғатта отпен абайсыз әрекет жасауға болмайды.

  Орманда отты жағар кезде барлық сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.

Міндетті түрде от жағу орнын дайындап алу керек немесе алдын ала дайындалып қойылған орынды пайдалану қажет. Ағаштардан алыс орналасқан ашық жерді таңдаңыз. От жағатын жерді шөптен тазартып, май құю үшін күрекпен кішкене шұнқыр қазып алыңыз. Шөпті жай ғана алып тастау керек, бұл жағдайда сіз жердің құнарлы қабатын бүлдірмейсіз. От жағылатын жерден жарты метрден 1-метрге дейінгі радиустағы шөпті жұлып тастаңыз.

  Отты бір минутта көзден таса қылмаңыз. Қосымша дайындап қойған майды оттан бірнеше метр жерге қойыңыз. Арнайы қажеттілікті қажет етпесе, өте жоғары от жағу қажет емес (мысалы, сигнал оты). Оттың, әсіресе, желді ауа-райында мүмкіндігінше аз ұшқыш беретіндігін бақылаңыз. Қатты желде от жағуғу болмайтынын айта кетсек артық болмайды. Өрттпен шыққан ұшқыш шөптің немесе ағаштардың өртенуіне себеп болуы мүмкін. Оттық ретінде құрғақ жапырақтары бар отын бұтақтарын пайдаланбаұға тырысыңыз, себебі өрттен шыққан ұшқындар жай ғана ұшып кетпейді, одантұтас үлкен от бөлінеді. Жақын жерде су бар болса, суды көбірек жинап аоған дұрыс болады.

  Орманда тыйым салынады:

Темекі шоқтарын және ыстық сіріңке тастауға, орманда әртүрлі пиротехникалық бұйымдар: петардалар, бенгал шамдары, шамдар және т.б. қолдануға , отқа немесе жанармай сіндірілген маталар мен материалдарды қалдыруға, балаларға отпен ойнауға рұқсат беруге, әсіресе желді ауа райында отты қараусыз қалдыруға.

  Тұрақтан кетіп бара жатып

Өртті сумен бүркеп, топырақ шашып сақтықпен мұқият сөндіріп кету қажет. Егер сіз шөпті түсіріп алсаңыз, онда отты шөппен жабыңыз. Өрттің сіз кеткеннен кейін біраз уақыттан соң қайта жанып кетпейтініне көз жеткізіңіз. Өзіңізден кейін бәрін реттеп, әкелген нәрселеріңізді жинап кетіңіз. Бұл орманның қонақжайлылығы үшін құрмет пен алғыс.

Орманды өрттен қорғаныз! Табиғатты сүйіп, құрметтеңіз, ол сізге ормандар, өзендер мен көлдердің байлығын сыйлайды.

Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,

Алматы авиабөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы

     Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Б. Сағынтаевтың 30.05.2017жылғы №21 «Орман және дала –өттерын жоюдың дайындығы және оның алдын алу» туралы хаттамалық тапсырысының 2 тармағын орындау мақсатында 09.06.2017 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылынын Шығыс беткейінде табиғи өрттердың алдын алу бойынша өрт сөндыру- тактикалық оқу-жаттығу іс-шаралық жоспары өткізілді. Өрт сөндіру- тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасына төмендегі мекемелердің қатысуымен өткізілді:
   1. Жамбыл, Байзақ, Ақыртөбе орман шарушылығы
   2. Жамбыл облысының ТЖМ
   3. Облыстық азаматтық қорғаныс қызметы
   4. 5513 ҚР Ұлттық гвардиясы
   5. АО «Қазавиақұтқару»
   6. РМҚК «Қазавиаорманқорғау» Жамбыл авиатобы
   7. Облыстық және қалалық әкімшілік аппараты
     Іс-шараға 220 адам, 40 бірлік техникасы ұжымдырылды.
   Тактикалык оку-жаттыгу ыс-шарасына Жамбыл облысының әкімі К.Н. Көкрекбаев басшылық етті.
   Өрт авиаорманқорғау әуе кемесінің көмегімен байқалып облыстың ТЖМ радиосвязь арқылы жеткізілді және Жамбыл авиатобының өрт сөндіру десантшылары тік ұшақтың көмегімен жеткізілді.
   Тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасының соңында комиссия мүшелері өздерінің - оң бағасы берілді.

ӘУЕДЕГІ ОРМАН КҮЗЕТІ

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға