2022 жылдың 12 тамызында Ақмола авиациялық бөлімінің мамандары орман иеленушінің өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау, сондай - ақ аумақты қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктер ошақтарының таралуы тұрғысынан қарау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
2022 жылдың 12 тамызында Көкшетау авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшы В.С. Стригинмен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Көкшетау" МҰТП РММ қызметкерлері арасында "орманға барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.