2022 жылдың 1 маусымында Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Бородулиха филиалының Камышинское орманшылығының 81 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
2022 жылдың 31 мамырында "Семей Орманы"МОТР РММ Беген филиалы, дөнгелек орманшылығының 3-кварталында өрт шықты. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.