Кәсіби мереке - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, 2021 жылғы 29 қазанда Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің ұжымы Орман шаруашылығы жүйесіндегі адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.
 
2021 жылғы 28 қазанда Бақанас авиациялық нүктесінің мамандары Күрті ҚМУ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шығуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
 
2021 жылғы 27 қазанда Бақанас авиациялық нүктесінің мамандары Бақанас ҚМУ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шығуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
 
2021 жылдың 28 қазанында Алматы авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Ж.Ж. Сатбаев және бақылаушы-ұшқыш Т. А. Сариев халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Exima kz" ЖК қызметкерлері арасында "орманды өрттен сақта"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
 
2021 жылғы 27 қазанда бейнеконференцбайланыс арқылы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға арналған жиналыс өткізілді.
 
2021 жылғы 26 қазанда ШҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының жұмыс жоспарына және ШҚО бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2021 жылға арналған бірлескен табиғат қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес Инспекция басшысы Д.Т. Оразбаев, инспекция жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Б. Дидахметов Қазавиаорманқорғау қызметкерлері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп МИ-8 тікұшағын қолдана отырып, табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Аталған іс-шаралар Күршім және Катонқарағай аудандарының аумақтарында жүргізілді, олардың барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

https://www.instagram.com/vkoinspekcialesa/

 
2021 жылғы 25 қазанда Баянауыл МҰТП Жасыбай орманшылығының 90 және 93 орамдарына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт шыққан жерге Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Дер кезінде анықтау және оқшаулау шараларын қабылдау арқасында өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп төнді.
 
2021 жылдың 24 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының өкілі инспектор Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп, табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
 
Кәсіби мереке - орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, 2021 жылғы 23 қазанда Бородулиха авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Барков Евгений Геннадьевич Орман шаруашылығы жүйесіндегі адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.
 
Кәсіби мереке - орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, 2021 жылдың 19 қазанында Орман шаруашылығы жүйесіндегі адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшы Евгений Егорович Ступеньков марапатталды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға