2022 жылдың 8 тамызында Катон-қарағай авиациялық бөлімінің өрт сөндірушісі -десантшы В. А. Визигинмен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Катон-қарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жас турист станциясы" КММ қызметкерлері арасында "орманды өрттен сақта"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
2022 жылдың 9 тамызында Жамбыл авиациялық бөлімінің мамандары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.