2022 жылдың 27 шілдесінде Степногорск ҚМУ Первомай орманшылығының аумағында өрт анықталды. Өрт болған жерге Ақмола авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
2022 жылғы 8 шілдеде Өскемен авиациялық бөлімінің өрт сөндірушісі десантшы Р.В. Решетников Өскемен қаласының № 42 балабақшасының жазғы мектепке дейінгі лагерінде халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде "Орманды өрттен қорғау"тақырыбында ойын-сауық-жарыс түрінде профилактикалық дәріс өткізілді. Балалар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.