2022 жылдың 27 маусымында Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндірушісі –десантшы М.М. Исаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Томирис Т" ЖШС қызметкерлері арасында "орманды өрттен сақта"тақырыбында профилактикалық дәріс ін өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
2022 жылдың 27 маусымында Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ аумағында 4 өртті анықтады. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.