2022 жылдың 13 шілдесінде Қарқаралы авиациялық бөлімінің өрт- сөндіруші десантшы А. М. Төкен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Шахтер" және "Берлога" демалыс үйлерінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтау қағидаларымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

2022 жылдың 13 шілдесінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК жұмыскерлерін "өрт сөндіруші-десантшыларды кәсіби даярлау" бағдарламасы аясында, Қарқаралы авиация бөлімінде өрт сөндіруші-десантшылардың емтихан тапсыруы өтті. Емтихандарды "Авиаорманқорғау" ФБУ Ресей мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері  оқытушысы Арсенов Александр Павлович қабылдады.

2022 жылдың 12 шілдесінде мемлекеттік қор жерлерінде өрт шықты, Мемлекеттік орман қорына қауіп төндірілді. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт-сөндіруші десантшылары өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіру құралдарымен жеткізілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды.

2022 жылдың 11 шілдесінде Катон-қарағай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Берел филиалының Рахман орманшылығының 78 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт туралы ақпарат, жердегі қызметтерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін берілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 11 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РЭУ аумағында 2 өртті анықтады. Өрттерді оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт -сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 11 шілдесінде Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 24 орамы аумағында өрт анықталды. Жану орнына Баянауыл авиациялық бөлімінің өрт -сөндіруші десантшылары, жердегі орман күзетінің және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылғы 10 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалы дала орманшылығының 93 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 10 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ аумағында 9 өртті анықтады. Өрттерді оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 10 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы"МОТР РММ аумағында 2 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 9 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы"МОТР РэУ аумағында 5 орман өрті анықталды. Өрттерді оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға