2022 жылғы 9 шілдеде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РэУ аумағында 7 орман өрті анықталды. 4 орман өрттін оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп, Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт- сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 9 шілдесінде Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалы Чушқала орманшылығының 9 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт анықталған жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 8 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Бородулиха филиалының Камышенка орман шаруашылығының 11 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 22 маусымында Букебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Долон орманшылығының, Долон филиалының 220 орамының аумағында өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Букебай авиациялық бөлімі мен жердегі орман күзетінің өрт сөндіруші десантшылары техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 22 маусымында Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" аумағында 3 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылғы 21 маусымда Букебай авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" аумағында 7 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 22 маусымында Өскемен авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Асу-Бұлақ КММ Синегорск орманшылығының 57 кварталында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге Өскемен авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 21 маусымда авиациялық патрульдеу барысында Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері 5 өртті анықтады: Батпаев орманшылығының, Семей филиалының 56, 89, 4 және 129 орамдарының және Краснокордон орманшылығының, Семей филиалының 124 орамының аумақтарында. Өрттер туралы ақпарат жердегі қызметтерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін берілді. Бородулиха авиациялық бөлімінің мамандарымен жерүсті күштерінің ауадан іс-қимылын үйлестіру қамтамасыз етілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында шағын алаңдарда өрттер оқшауландырылды және жойылды.

2022 жылдың 22 маусымында Жамбыл авиациялық бөлімінің АӨТ нұсқаушысы А.К. Дүзенов халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Қанат" ЖК қызметкерлері арасында "Орманды өрттен сақта" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Дәріске қатысушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2022 жылдың 22 маусымында Қостанай авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері арасында Әулиекөл ауданы ПБ кадр саясаты бойынша бастығының орынбасары Н.Б. Агжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, ҚР заңдары мен қаулыларын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шараларды талқылау бойынша әңгіме өткізді.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға