Алматы және Талдықорған авиациялық бөлімшелерінің жеке құрамы мұқият және жан-жақты дайындық, түсірудің барлық элементтерін пысықтау, әртүрлі тәсілдерді зерделеу және оларды орындау бойынша жаттығу мақсатында әуе дайындығынан өтті. "Орман арнайы жасағының" тәжірибелік машықтарын тәжірибелі тәлімгерлер - авиациялық бөлімшелердің басшылары және бақылаушы-ұшқыштар пысықтады.


Қолданыстағы орман өрті ауданына жер үсті көлігімен жету әрдайым мүмкін емес, ал авиация күштері мен құралдарын жеткізген кезде қауіпсіз қону алаңын таңдау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда өрт болған жерге тікұшақтың көмегімен десант түсіру туралы шешім қабылданады. Бақылаушы-ұшқыш ауадан десантшыларды түсіруге жарамды, көлемі ағаштардың ұшар бастарының арасында кемінде 5х5 метр өрт алаңын таңдап алады.

Айта кету керек, мұндай жаттығулар жыл сайын - өрт қаупі бар маусымның басында және ортасында өткізіледі. Қысқы үзілістен кейін тікұшақтан түсу әдістемесін еске түсіру және алған дағдыларын бекіту өте маңызды, өйткені бұл орман-авиациялық жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігінің негіздерінің бірі.


Тікұшақ осы "құдықтың" үстінен ағаштардың ұшынан кемінде 10 метр биіктікте (бұл ретте жерге дейінгі биіктік 45 метрден аспауы тиіс) ілінеді. Бақылаушы-ұшқыш есікті ашады және 50 метрлік аса берік (үзілуге 900 кг) бауды тастайды, ол бойынша түсіру ролик құрылғысының көмегімен тікелей тікұшақтан жерге өрт сөндіруші-десантшылар түседі.


Жаттығу кезінде бақылаушы ұшқыш пен өрт сөндіруші десантшылардың өзара әрекеті, түсу жылдамдығы (орташа-секундына үш метр), дұрыс қону және тағы басқалар бақыланады.

Сондай-ақ бақылаушы-ұшқыштар Су ағызу құрылғысының (БҚҚ) көмегімен өрт ошағына суды ағызу дәлдігін пысықтады. Айта кету керек, суағар құрылғысымен жұмыс істеу күрделі және қауіпті және ұшу құрамының жоғары дайындығын талап етеді.


Еліміздегі орман қорын әуеден бақылайтын "Қазавиорманқорғау" РМҚК мекемесінің қызметкерлері Алматы облысының аумағында орман өрті жағдайындағы оқу-жаттығу жұмыстарын орындады. Бұл туралы  kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.

Боралдайдағы алаңда алғашқы жұмыс-тапсырмаларына әуе десантшылары қатысты. Олар әуе кемесімен бірнеше биіктік өлшемдеріндегі норамативтерді орындады. Бұл жұмыстардың маңыздылығы зор. Себебі,  орман өртінің аймағына көлікпен, тіпті жаяу жету мүмкін болмайтын таулы-беткейлерде осындай авиациялық жұмыстар аса қажет. Сондықтан, тек тікұшақ көмегімен жалын аймағына әуе десантшылары қонып, өртті сөніруге кірісе алады. Бұл тұрғыда бүгінгі жұмыстың мекеме қызметкерлеріне қысқы демалыстан кейін тікұшақтан түсу техникасын есте сақтау мен дағыларын қалыптастыруға қосатын үлесі айтарлықтай. Айта кетейік, биылғы оқу-жаттығу жұмыстарына мекемеге жаңадан алынған КСК-5 құрылғысы қолданылды.

Келесі кезектегі, оқу-жаттығу жұмыстары Сорбұлақ көлінде жалғасты. Мұнда далалы аймақтағы орман өртіне Ми-8АМТ тікұшағы су сорғы құрылғысымен ұшып, өртті сөндіруге жылдам әрекет жасады. Соңында тікұшақ көмегемен себілген судан өрт бәсеңдеп, оған жерден өрт сөндіруші құрам жалынды толық ауыздықтады. "Су төгетін құрылғымен жұмыс қиын және қауіпті және ұшу экипажының жоғары дайындығын талап етеді",-дейді "Қазавиорманқорғау" РМҚК мекемесінің Алматы авиабөлімшесінің бақылаушы-ұшқышы Якупжан Ибрагимов. Тапсырмаларды "Қазавиорманқорғау" РМҚК мекемесінің Алматы және Талдықорған авиабөлімшелерінің десантшы, өрт сөндіру қызметкерлері орындады.

Талғат ӘЛИЕВ,

"Қазавиорманқорғау" РМҚК бас директорының орынбасары:

-Бүгінгі шарада "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Авиациялық-өрт сөндіру қызметкерлерін жаттықтыру жұмыстары жүргізілді. Бұл әсіресе техника жете алмайтын орындарда жүргізілетін жұмыстар. Өйткені, қазіргі уақытта таулы жерлерге демалып, саяхаттап, қыдырып, серуендеп баратындар саны жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес, ол жерлердегі орман өрті қауіпсіздігін сақтамау салдарларынан антропогендік өрт сипаты жиі тіркеліп жатады. Ал оны сөндіру жұмыстары көп жағдайда тікұшақ көмегімен, әуе десантшыларын қондыру тәсілдерімен ғана орындалады. Бүгінгі жаттығудың маңызы осы іс-әрекеттерді тәжірибелік деңгейде қайталау.

Жыл сайын Қазақстан аумағында 500-ден-1300-ге дейін орман өрті тіркеледі. Сан жағынан далалы аймақтағы көрсеткіш жоғары. Көбінесе, ауыл-аймақтың мал шаруашылығы жерлерінде жиі орын алады. Оның әр түрлі себептері бар.

Биыл осы уақытқа дейінгі аралықта Қазақстанның мемлекеттік орман қорының аумағында 194 орман өрті тіркелген.  Оның жалпы аумағы 20 мың гектардан асты. Біздің тапсырма бойынша орман өрттеріне қатысу 80 %-дан және әуеден бақылау 75 %-дан төмен болмауы керек.

Сондай-ақ, сала мамандары өрт қаусіпіздігін ескертеді. 

Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады: Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға; Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру; Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға; Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.

Досжан Балабекұлы

https://kazgazeta.kz/news/126385

2022 жылдың 9 маусымында Ақмола авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Кеңес ҚМУ Кузганск орманшылығының 14 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт болған жерге Ақмола авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылғы 8 маусымда Букебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Долон филиалының Байдәулет орманшылығының 140-кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 8 маусымында Қарқаралы авиациялық бөлімінің қызметкерлері Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Авиациямен қарауылдау барысында күзетілетін аумақтағы екпелердің орман патологиялық жай-күйін тексеру және бағалау, халықтың орманға жаппай баратын орындарын, туристік маршруттар мен алаңдарды қарап шығу жүргізілді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Бұзушылықтарды болдырмау және анықтау мақсатында аталған бірлескен жұмыс Қарқаралы МҰТП аумағында тұрақты түрде жүргізілетін болады.

2022 жылдың 7 маусымында Қарқаралы авиациялық бөлімінің өрт- сөндірушісі десантшы А. М. Төкен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Шахтер" демалыс үйінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтау қағидаларымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕ ОРМАНҒА БАРУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ!

ЕГЕР СІЗ ӘЛІ ДЕ ОРМАНДА БОЛСАҢЫЗ, КЕЛЕСІ ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАҢЫЗ:

Өрт қауіпті кезеңде орманда қатаң тыйым салынады:

- от жағуға, мангалдарды, тамақ дайындауға арналған басқа да құралдарды пайдалануға;

- темекі шегуге, жанып тұрған сіріңкені, темекі тұқылын тастауға, темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді сілкіп тастауға;

- қарудан ату, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану;

- орманда бензинмен, керосинмен және өзге де жанғыш заттармен майланған немесе сіңірілген сүрту материалын қалдыруға;

- жұмыс істеп тұрған Іштен жану қозғалтқыштарының бактарына отын құюға, жұмыс істеу үшін қозғалтқышты қоректендіру жүйесі ақаулы техниканы шығаруға, сондай-ақ отын құйылатын машиналардың жанында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға;

- күн сәулесі түскен орман алқабында бөтелкелер, шыны сынықтарын, басқа да қоқыстарды қалдыру;

- шөпті, сондай-ақ егістіктердегі сабанды жағу.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға кінәлі адамдар бұзушылықтардың сипаты мен олардың салдарларына қарай тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықта болады.

                                                "Қазавиаорманқорғау"  РМҚК

                                              Өскемен авиациялық бөлімі

                   osa_news_vko

Алматы облысының далалық аймағындағы орман қорларында өрт қауіпінің жоғарғы сыныбы сақталуда. Әсіресе, Іле мен Қаратал өзендерінің бойында қауіп жоғары. Сондықтан, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Алматы авиабөлімшесінің бақылаушы-ұшқыштары күні бойы әуеден бақылау жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.

Орман өртін авиация күшімен бақылау жұмысына біз де қатысып қайттық. Байсерке аэродромынан ұшып шыққан Ан-2 ұшағы төменгі Іле мен Қаратал өзендерін бойлап, Балқаш көлі жағалауына дейінгі аралықта ұшып өтті. Жұмыс орман өрті ошақтарын дер кезінде анықтап, жергілікті орманшылықтарға ақпарат беру. Бұл орман өртінің тез арада ауыздықталуына, таралып кетпеуіне және жергілікті аймаққа қауіп төндірмеуіне себеп болады. Осы салада ұзақ жылдардан бері кәсіби жұмыс жүргізіп келе жатқан бақылаушы-ұшқыш Якупжан Ибрагимов бізге сапар барысындағы бақылаған аймақтарын айтып берді.

Якупжан ИБРАГИМОВ, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Алматы авиабөлімшесінің бақылау-ұшқышы:

- Бір тәулікте екі бағытқа бақылау сапарын орындадық. Біріншісі, Қаскелең-Күрті-Бақанас, екіншісі Қаратал өзенінің бойы, Үштөбе және Бүрлітөбе орман шаруашылықтарының авиациямен қорғалатын орман қорларының аумақтарын айналып шықтық. Бүгінгі ұшқан сағатымыз - 8 сағат 55 минутты қамтыды. Барлық арақашықтықты есептесек - 1700 шақырым аумақты айналып шықтық.

Төменгі Іле мен Қаратал өзені бойында өрт қауіпсіздігі-5 сыныпты көрсетіп тұр. Бұл аумақта биылдыққа жауын-шашынның көлемі аз. Қазіргі уақытта, негізі әуеден қорғалып жатқан аумақтар осы төменгі Іле мен Қаратал өзендерінің бойлары.

Таулы аймақтарға биыл жауын-шашын көп мөлшерде жаууда. Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігі сыныбы төмен. Көк шөптің көтерілуіне байланысты, қауіпсіз саналып отыр.

24 наурыздан бастап Алматы облысында өрт қауіпсіздігі кезеңі басталды. Осы уақытқа дейін авиациямен қорғалатын аумақта 11 өрт тіркелді. Оның басым көпшілігі наурыз-сәуір айларында анықталған. Біз орман өртінің алдын алу және онымен күресуге толық құрамда дайынбыз. Бүгінгі күнде екі бағытта ұшып өттік, өрт анықталған жоқ. 

Сондай-ақ, сала мамандары өрт қаусіпіздігін ескертеді. 

Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады: 

  • Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға; Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру;
  • Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға;
  • Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.

Досжан Балабекұлы

https://kazgazeta.kz/news/126280

2022 жылдың 7 маусымында Көкшетау авиациялық бөлімінің өрт сөндірушісі десантшы- Д.А. Ульяницкиймен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде "Султыгов" ЖК қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

2022 жылғы 6 маусымда Букебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Долон филиалының Байдәулет орманшылығының 140-кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға