2021 жылғы 30 қарашада Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында Қарағанды ОАИ басшысы орынбасарының төрағалығымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн - форматта "Қарағанды облысы аумағында 2021 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындылары " тақырыбында кеңес өтті. Орман иеленушілер 2021 жылғы өрт қауіпті маусымда атқарылған жұмыстар және орман өрттерінің шығу себептері туралы есеп берді.
Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
- облыстың орман шаруашылығы кәсіпорындарын өрт жабдықтарымен және техникасымен жарақтандыру шаралары;
- МОҚ аумағына өткен Дала өрттерін сөндіру бойынша шараларды уақытылы қабылдауға кінәлілерді анықтау және тарту.
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК атынан кеңеске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің басшысы Т. В. Плотников қатысты.