2021 жылдың 2 қазанында Мойынқұм ҚМУ Фурманов орманшылығының 97 кварталына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт шыққан жерге бірінші болып Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары келді, олар жер үсті күштері келгенге дейін өрттің алдынан өтті, жер үсті орман күзетінің қызметкерлері техникамен өртті сөндіруге және оның одан әрі таралуына жол бермеуге кірісті. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп төнді.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің бақылаушы-ұшқыштары kazgazeta.kz тілшісіне Іле Алатауындағы күзгі орманды тікұшақ арқылы самғау биіктен көрсетті.
Іле-Алатауы мемлекеттік-ұлттық табиғи паркі өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шыңдары, биік таулары, көк- жасыл ормандары, альпі шалғындарымен ерекшеленеді. Жылдың қай мезгілінде де табиғаты жан-жүрегімізді сұлу сезімге бауратады. Әсіресе, күз келіп, орман-тоғайы алуан түске боялған сәті тіпті ғажап. Бұл жолы орманды әуеден күзететін сала мамандарымен Іле Алатауының Қаскелең орманшылығындағы күзгі реңді әуеден түсірудің сәті түсті. Терең, тар шатқалдарда тығыз орналасқан қарағай, шырша, өрік, алма ағаштары мен аршаның әдемі үйлесімі, биіктен ерекше әдемі келбетке ие. Ендеше, биіктен көрінген таудағы сұлу келбетті назараларыңызға ұсынамыз.
Суретті түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
https://kazgazeta.kz/news/117582