2020 жылғы 8 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Павлодар авиациялық бөлімшесінің мамандары Шарбақты ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2020 жылғы 8 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары табиғат қорғау полициясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.