2020 жылғы 29 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары "СЕМЕЙ ОРМАНЫ "мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ өкілімен, мемлекеттік инспектор А.О. Сейсібаевпен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Бөкебай авиациялық бөлімшесінің АӨТ нұсқаушысы С.К. Мусин "Семей Орманы" МОТР РММ Бөкебай филиалында "Орман өрттерін сөндіру кезіндегі сөндіру тактикасы және қауіпсіздік техникасы" тақырыбында 2 әңгіме өткізді. Филиал ұжымы орман өрттерін сөндіру тактикасымен және орман өрттерін сөндіруге тартылған адамдардың қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидаларымен танысты.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Бөкебай авиациялық бөлімшесінің АӨТ нұсқаушысы С.К. Мусин "Семей Орманы" МОТР РММ Бөкебай филиалында "Қазавиаорманқорғау " РМҚК құрылу тарихы" т ақырыбында әңгіме өткізді. Филиал ұжымы ҚазКСР-дағы авиаорманқорғаудың қалыптасу тарихымен таныстырылды.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп ұшып шықты. Жолай, авиарейд барысында тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін есепке алу жүргізілді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы М.С. Сәрсембаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің өнер мектебі" КММ-де  "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Мектеп ұжымы ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Ж.К. Серікбаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында ҚР ДСМ ТКҚСҚБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Мойынқұм аудандық бөлімшесінде "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтаған кездегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2020 жылдың 28 қыркүйегінде
Қарқаралы авиациялық бөлімшесінде табиғат қорғау полициясының өкілі аға лейтенант Т.Д. Мержакупов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында түсіндірілді:
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері»;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою мәселелері;
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.
2020 жылғы 27 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп СҚО мен Ақмола облысының іргелес аумақтарындағы құс тұмауына байланысты су айдындарында жабайы құстың өлім-жітімі фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп ұшуды орындады. 

Ұшу барысында келесі су айдындары - көлдер тексерілді. Тұзды көлі,  Ақкөл көлі, Домбыралы, көлі, Барап көлі, Батпақкөл, көл, Чистенькое және Моховое  көлдері, Жолдыбай мен Елтай және т.б. көлдерді тексеру барысында 23 өлген аққу табылды.

2020 жылғы 27 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесінің мамандары Баянауыл МҰТП өкілдерімен бірлесіп, ұлттық парктің периметрі бойынша минералдандырылған жолақтарды тексеру және күзгі күйдіру үшін жолақтар мен учаскелерді жаңарту қажет болатын учаскелерді белгілеу мақсатында күзетілетін аумақты бірлесіп аралап шықты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға