Сіздерді мемлекеттік мерекеміз - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерді мемлекеттік мерекеміз - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы Төлеубекұлына құрмет грамотасын тапсырды.



28 қараша 2016ж. Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің өкілетті органының өкілі, ұйымдастыру және кадрлар жұмысы басқармасының бастығы  Сулейменов Асыл Абайханович  мырза  РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы Төлеубекұлына  «Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысқаны үшін» Құрмет грамотасын тапсырды.
Өзінің сөзінде бас директор бұл марапат барлық РМҚК «Қазавиаорманқорғау» -дың ен


Орман өртінен сақ болайық!

Ауданымыз Семей қаласына жақын орналасқандықтан күн жылынысымен көптеген қала тұрғындары мен ауданымыздың адамадары ауданымызды қоршаған орманға барып, демалып қайтуды қалайды. Осы кезде әркім өрт қауыпсіздігін сақтап, тұған табиғатқа жанашырлық жасаса құба-құп. Өкінішке орай, кейбір адамдар орман өртінің алдын алып, оны болдырмаудың қарапайым ережелерін білмей жатады. Соның себебінен өрт туындап, орманды қызыл тілсіз жау жаулайды. Осындай келеңсіз жағдайлар туындамас үшін төтенше жағдайлар бөлімінен басқа "Семей орманына” қарасты Бородулиха ұшақ тобының қызметкерлері де тілсіз жаумен күресіп, орманды өрттен сақтауда.

Өрт қауыпсіздігі маусымынан бері "Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватында 90 орман өрті орын алды. Бородулиха ұшақ тобы Семейдің Новошульба және Бородулиха филиалдарында тұтанған 32 орман өртінің алдын алды. Бұл өрттің шығуына адам факторының әсері де болғанымен, көбіне, яғни, 97% найзағайдың түсіуінен орын алып жатыр.

Ұшақтық бақылау өрт қауіпсіздік санаты әм өрт ошағының қылаң беруі бойынша жүргізіледі. Біздер кезінде аңырап отырғандықтан, барлық уақытта өрт орын алған жерлер өршімей тез арада сөндіріліп үлгерінді.

Бұл орайда ең қауыптісі оршар мен орманшылықтан алыс орналысқан жерлердегі өрт тұтанулары аса қауіпті саналады. Ол жердің ой-шұнқыры көп, көлік қатынасына қиындық тудырып, өрт сөндіруге табиғи кедерлік жағынан қол байлау болып жатады.

Біз осы бой көрсеткен өрт ошақтарын сөндірген шақта, оған Бородулиха ұшақ тобының өртші-десанттары белсене көмек көрсетті.

IV дәрежелі орман өрті белең алмауы үшін оршар мен орманшылықтар келушілерді қашанда орманға куәлік қағазымен кіргізіп шығарып, барлық жағдайды өз бақылауында ұстауы керек.

А.Лебединский, "Семей орманы” МОТР аға ұшқыш-бақылаушысы

Аударған: Ә.Сұлтанов, "Аудан тынысы" газетасы


Орманды өрттен сақтаңыз!

Орманды өрттен сақтаңыз!

Еліміздің аймақтарында орман өрттері жиі көрініс беріп түратындығы шындық. Өрттің пайда болатын себептерінің 95% қүрайтын жәйттер-бұл антропогендік, яғни адамдар қаракетінен пайда болатын фактор. Өрттердің басым бөлігі орман ішіне шет аумағынан тарайды. Атап айтсақ, жазық даладан, жол шетінен, өзен жағалауларынан. Орман өрттері орман алқа ағаштарын жойып қана қоймай, ауыл аймақтарына да зор қауіп төндіреді.

Жылдың көктем және жаз-күз мезгілдерінде орман ішінде демалушы адамдар көп болады. Солардың көпшілігі өрт қауіпсіздігі режесін біле бермейді, білген күнде аталмыш ережелерді сақтамайды. Көбінесе, адамның қоршаған ортаға зейінсіздік нәтижесінде, байқаусыздан темекі немесе сіріңке шиін өшіріп тастауды үмытып, далада жанған отты тиісінше сөндіруге ерінетіндігі де өрт оқиғаларына әкеп соғады. Әрине, бұның бәрі- орман ережесін білмегендіктің салдары.

Далаға от жағу орнын алдын ала дайындау немесе от жағуға арналған дайын орынды пайдалану керек. Далаға от жағу орынды алқа ағаштардан алшақ жерден таңдаңыз. Отқа арналған аймақты шөптен тазалаңыздар және күрекпен отын салғанға терең емес шұңқыр қазыңыздар. Жердің құр жоғарғы қабатын алған дұрысырақ болады, солай сіздер топырақтың құнарлы қабатына зақым келтірмейсіздер. Отқа арналған орынның айналасын жарты метрден бір метрге дейін шөптерді жұлып тастаңыздар.

Отты үнемі көз аясында ұстаңыздар! Дайындап қойған отын қорын жанып тұрған оттан бірнеше метр алшақ жерде ұстаңыздар. Өте жоғары от жағудың керегі жоқ, егер оған қандай да бір ерекше қажеттілік болмаса (мысалы: сигнал беретін от).

Егер сіз орман өртін көр қалсаңыз және де оны өз күшімен өшіре алмайтын жағдайда, осы өрт ошағы мен оның орын алған жерін нөмірі 112 өрт қызметіне шұғыл қоңырау шалып, хабар беріңіз.

Осы күрделі емес ережесін сақтау-біздің ормандарымызды өрт апаттарынан сақтауға көмек береді.

Өрт қауіпсіздік ережесін бұзушылар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тұрақ орыннан кетер кезде далада жанған оттың үстіне су төгіп, топырақпен көміп тастап, жанған отты әбден өшіру қажет. Жанған оттың толығымен сөнгеніне және біраз уақыттан соң қайта тұтанып кетпейтіне көз жеткізіп кетіңіз. Өзіңізден кейін тазалықты ретке келтіріңіздер - әкелген бар қалдық заттарды жинап кетіңіздер, дұрысы- өздеріңізбен бірге ала кету. Бұл жай орманның мейманшылығы үшін қүрмет пен алғыс.

Орманды оттан қорғаңыздар! Табиғатты аялап, оны қадірлеңіздер, сонда сіздерге табиғат орман мен өзен-көлдерінің мол байлығын сыйлайды.


РМҚК "Авиациямен орман қорғау және орман 

шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасы"

Балқаш өңірі - газетасы
Мақаланың газетада жарияланған күні: 09.07.2016 жыл

ОРМАН КҮЗЕТІНДЕ

 
 
Орманды өрттен сақтау қашанда ерекше назарда тұрған мақсаттардың бірі болып табылады. Басты байлығымыз саналатын табиғат көркін "тілсіз жаудан" қорғау жерде де, әуеде де жүргізіледі. Бүгінде Қарқаралы ұллтық табиғи паркі иелігіндегі орманды әуеден бақылап, қадағалау жүргізетін бірден бір мекеме - "Қазавиаорманқорғау" болып табылады. Тіқұшақ арқылы орман күзетін атқаратын авиатоп құрамында ұшқыш-бақылаушы Т. Плотников авиа-өрт тобының инструкторы А.Алтынсарин, өрт сөндіруші десантшылар Ж. Алдашов, Ж. Бексултанов, Е. Сатыбалдин, Ж. Дауренұлы, радиооператор Ж. Никамбаевалар бар.
Авиатоптың негізгі мақсаты - орман өртін дер кезінде анықтап, лезде сөндіру, орман заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, орманды бақылау. Қызметтерінде әрдайым оқыс оқиға, төтенше жағдайға дайын болатын мекеме бүгінде маңызды қызметтің бірін атқарып отыр. Жаз шығысымен өрт қаупі ұлғайған шақта, тікұшақ командасының да бақылау жұмыстары күшейе түседі. «Орманды өрттен қорғау - парызымыз» дейтін олар, қашанда қара орман күзетінде қырағылық танытады.
 
Өз тілшімізден, ауданының газеті "Қарқаралы"
4 маусым 2016 жыл

Өрттің Алдын - Алу Басты Мақсат

 
Ауданымызда 2011 жылдан бастап орман қорын кадағалау мақсатында "Казавияорманқорғау" Қазақстан мемлекеттік қазыналық мекемесі қызметкрелері жұмыс жасап келеді. Олардың құрамында 5 өрт сөндіруші, 1 инструктор, 1 ұшқыш, 1 аға бақылаушы ұшқыш жұмыс атқарады. Жалпы облыс бойынша 10 мемлекет орман шаруашылығын (жер көлемі 3 млн 74 мың га) әуеден бақылауды қамтамасыз ететін авиотопта BELL - 206 тік ұшағы және Cessna - 182 ұшағы бар.

 
 
 
На фоне вертолета Bell-206 старший летчик наблюдатель Ибрагимов Я.Р.(справа) и летчик наблюдатель Плотников Т.В. (слева)
-Біздің негізгі жұмысымыз ормандағы өрттің алдын-алу. Орман өрті қаупсіздік класына байланысты орындалады. Мәселен, күніне 3-4 класс кезінде 2-3 рет әуеден бақылау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар сексеуіл ормандарын қадағалау, қызыл кітапка еңген жануарларды атқандарды немесе заңсыз аңшылыққа шыққандарды бақылап, тиісті орындарға хабарлаймыз. Біз әр жылдың сәуір айынан бастап, қараша айының 20-на дейінгі аралықта орт қауіпсіздігін бақылаймыз. Мойынкұм халқына айтарым, орманды алқапқа кіргенде темекі тұқылын, түрлі мақсатта жаққан оттарын сөндіріп, байлығымыз өз орманымызды тілсіз жаудан сақтайық. - дейді аға бақылаушы ұшқыш Якупжан Ибрагимов.
 
Талғат САРЫБАЕВ,
"Мойынкұм таңы"

Қазавияорманқорғау қызметкерлеріне арналған

Сын-пікір

Қазавияорманқорғау қызметі арқасында 2015 жылғы 6 шілдеде Ақсу ауданы, Матай селолық округі жерінде болған дала өртін уақытылы хабарлауы арқасында Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қызметкерлері өрт орнына қысқа мерзімде жетуіне мүмкіншілік туғызды.
Туындаған өртті ауыздықтауда Қазавияорманқорғау қызметкерлері үлкен көмек көрсетіп, жанқиярлықпен қызмет етті, өрт орман қоры жерлеріне үлкен мөлшерде өтіп кетпеуіне зор үлестерін қосты.
Сол себепті өрт өшіруге қатысқан Қазавияорманқорғау қызметкерлерін ынталандырып, марапаттауларыңызды сұраймын.

Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры Ж. Құрмашев

Қазавияорманқорғау қызметкерлеріне арналған

 
Біз Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықтама беру себебіміз 2015 жылы 15 тамыз сағат 16:00 де Алабота орманшылығының № 70-ші орамында «Ақатан» қыстауының маңында өрт болып жатқаны туралы мекеменің кезекшісіне РМҚК Қазавияорманқорғау Жамбыл авиа тобы, аға бақылау ұшқыш Ибрагимов Якупжан Рустамовичтан хабарлама түсті. Өрт Алабота орманшылығының № 70 орамында орын алған, болған өрттің көлемі 287 га. Оның ішінде бос алаңқай жер - 207 га, бұрынғы өртенген жер - 80 га. Өрт қаупі классы жоғары болды, температура 37-38, желдің соғу бағыты Шығыстан-Батысқа қарай болды, өрттің шығу себептері белгісіз. Өрт сөндіруге төмендегідей автокөліктер мен техникалар жұмылдырылды. МТЗ- 80 тракторы 3 бірлік, УАЗ автокөлігі 3 бірлік, 1 УАЗ бірлік өрт сөндіру автокөлігі қатысты. Мекемеден 20 адам және РМҚК Қазавияорманқорғау Жамбыл авиа тобынан 3 десант қатысты. РМҚК Қазавияорманқорғау Жамбыл авиа тобы, аға бақылау ұшқыш Ибрагимов Якупжан Рустамовичқа дер кезінде байқап хабарлама бегені үшін Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі алғысын айтады.

Директордың м.а. Қ. Мергенбаев

Қазавияорманқорғау қызметкерлеріне арналған

Сын-пікір
  
Қазавияорманқорғау қызметі арқасында 2015 жылғы 12 тамызда орман қоры жерінде болған орман өртінің уақытылы хабарлануы арқасында Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қызметкерлері өрт орнына қысқа мерзімде жетуіне мүмкіншілік туғызды. Туындаған өртті өшіруде Қазавияорманқорғау қызметкерлері үлкен қызмет етті, қатты соғып тұрған желге қарамастан өрт орасан жерге жіберілмей, өшірілініп алынды.
  
Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры Ж. Құрмашев

Табиғат байлығы - Халық байлығы

Кім болса да өзінің кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі, оның табиғат таңғажайыптары, ерекше таулары мен орман-тоғайларымен мақтанатыны рас. Ол - жазылмған заңдылық.Өйткені жер бетіндегі ең сұлу, ең әдемі жер - кез келген адам үшін туған жері. Сол туған жерінің табиғат байлығы. Табиғаттың сыйға тартқан байлығын, тау-тасын, өзен-көлін ата-бабаларымыз қорғаштап, күтіп-баптап жүріп бізге жеткізді. Біз өз кезегінде ұрпағымызға бүлінбеген қалпында аманаттауымыз керек. Оны сол қалпында сақтап, тауыспай, керісінше көбейтіп, жақсартып,жасартып, сәндей түсу борыш деп саналса дұрыс болар еді. Табиғатты аялайық оны қорғайық деп дабыраны көп жасағанымызбен, шынайы іске келгенде тоқырайтын да сәттер болатындығы бүгінгі күннің шындығы.
 
 
 
Аудандық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, мемлекеттік орман қоры аумағына үстіміздегі жылдың бүгінгі күніне 70 рет рейд жүргізіліп, оның нәтижесінде табиғат қорғау заңдылықтары бұзылған 20 жағдай анықталған. Оның ішінде 16 адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер Кодексіне сай «Ағаштар мен өскіндерді заңсыз кесіп, жойғаны және зиян келтіргені» үшін айыпты деп саналып, жауапкершілікке тартылған. Сараптама көрсеткендей бүл азаматтар мемлекеттік орман қорына 1 724 006 теңге көлемінде залал келтірген. Бұл залалдың орны толтырылды. Осы жерде қосымша айта кететін жайт, аталмыш Кодекске өзгерістер енгізілгеніне байланысты жыл басынан бері заңсыздыққа жол берген жандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар құқық қорғау органдары алдында жауап беретін болады. Яғни, заңсыз қарағай кесу немесе аң аулаудан бұрын оның соңы немен аяқталатындығын ойланған абзал.
Орманшылар жыл бойы өз міндеттеріне сай орманды алқаптарды өрт қауіпсіздігінен сақтап, бұл бағытта біршама шаруалардың басын қайырды. Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастырып, төтенше жағдайларды болдырмауға әзірлік жұмыстарын жүйелі жүргізді.
Солай бола тұра кейде ормандықтар тілсіз жаудың құрбанына айналып отырған сәттер де жоқ емес. Оның басты себептерінің бірі адам факторы екендігі де даусыз. Биыл ормандықтарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзған екі жағдай тіркеліп, айыптыларға 99100 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жаза қолданылды.
Соңғы кездері екінің бірі аңшылықгы әуес көріп, онымен айналысуды «модаға» айналдырды. Әрине біреулер үшін ол шынымен әуестік болар, демалудың бір үрдісі саналар, енді біреулер үшін күнкөрістің түрі болғандай. Әсіресе хайуанаттар әлеміне көз салушылар мен қол сұғушылардың көбейгендігі де жасырын емес. Әрине заңсыз жолмен аңның етін жегісі келетіндер көбінесе қарапайым халық емес, ірі лауазым иелері екендігін де білеміз. Қызмет бабын пайдаланып, халық байлығына қол сұғушылар, бабалар аманатына қиянат жасағандықтарымен қоймай, заңды да белшесінен басып, тіпті кейде жазадан да құтылып жататындары да бар. Дей тұрғанмен заңның құрығы ұзын, бірде болмаса бірде «дөп» тиері анық.
 
 
 
Әлбетте кейде әуесқой немесе кәсіби аңшылардың да заңды белшесінен басатын кездері кездесіп қалады. Мәселен, аудандық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне қарасты орман шаруашылығының мамандары жақында осындай екі жағдай бойынша айыптылардың ісін аудандық ішкі істер бөліміне тапсырды. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі бойынша хайуанаттар әлемін пайдалану талаптары мен аңшылық заңдылықтарын бүзған аңшылардан екі мылтық мәселе түбегейлі шешілгенше тартылып алынды. Айта кететін нәрсе, жалпы көлемі 259,715 гектар алқапты алып жатқан аудандық орман шаруашылығы төрт орманшылық шағын шаруашылыққа бөлініп, оның құрамында он екі шеберлік учаскелері бар. Ол шаруашылықтарды басқаратын төрт жетекші жэне шеберлік учаскелеріндегі он екі шебер инженер мамандардың көмегі мен бағыт-бағдарына сүйеніп, 56 орманшы-қорықшының жұмысын үйлестіріп келеді. Бұл әрине оңай шаруа емес. Орман шаруашылығының аумағы тікұшақпен де күзетіледі. Бұл өртке оранған жерлер мен табиғат қорғау заңдылықтарын бұзғандарды анықтаудың тиімді бір жолы деуге болады. Өткен аптада осындай көктен тексерілген рейдтің құрамында болып, өзіміз де біраз жағдайға қанық болдық. Құрамында «Қазавиорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің бас директоры Төлеуғазы Сексенбаев, осы мекемеге қатысты оңтүстік авиазвеносының командирі Жанат Мамбаев, аудандық орман шаруашылығы орман күзету инженері Марс Аппазов және аңшылық жөніндегі маман Рустәм һезимов, аудандық аңшылық шаруашылықтарының бірін басқарып отырған Һашим Имиров, аудандық ішкі істер бөлімі лицензиялау және құрал айналымын бақылау тобының инспекторы Сырым Серікболов және осы жолдардың авторы қатысқан рейд күні бойы жалғасып, тікұшаққа мемлекет қоржынынан берілген қаржы толық игерілді деуге болады.
Шонжы-Қалжат тас жолы бойындағы «Мираж» демалыс аймағына жиналған рейд мүшелерін көкке көтерген тікұшақ алдын ала жасалған маршрут бойынша «Адал» аңшылық шаруашылығының аумағынан басталды. Қарадаланы аралай төмендеп, Іле өзенін өрлей ұшқан тікұшақ иллюминаторынан «Тойота» автокөлігін байқадық. Оның үстінен бір айналып жерге қонған қанатты көліктен қарғып түскен полиция қызметкері мен орманшы мамандарының ізімен біз де көлік тоқтаған жерге жеттік. Аудан тұрғыны С.С.ға аумен балық аулаудың тәртібі мен ережесі жайлы түсінік берілгеннен соң тікұшақ әуеге қайта көтерілді. Өзенді бойлай ұшқан тікұшақ Кетпен тауларын аралап, Ақтам ауылында жиналған орманшылармен кездесіп, Төлеуғазы Төлеубайұлы олардың күнделікті жұмыстарымен жақыннан танысты. Табиғат күзетінде жүрген орманшылардың қиын да аса жауапты жұмыстарына өз бағасын берген бас директор бұл істің болашақ ұрпақ үшін аса құнды екендігін айтып, әріптестеріне табыстар тіледі.
 
 
 
Тағы да көкке көтерілдік. Қарадала төсімен төмендеп, Бахар ауылының үстімен Сарытоғай ерен тоғайы мен оның айналасын аралап баяу сырғып ағып жатқан Іле өзені жағына қарай бет бұрдық. Тікұшақтың құлақ жарардай шуын елемей, жан-жақты бақылап келеміз. Тағы бір шетел көлігінің аңшылық құрып шыққандығын байқаған соң, төмендеп, олардың құжаттарын қасымыздағы тиісті құзырлы орган қызметкерлері тексеріп, бәрінің заңды түрде екендігіне көз жеткізген соң маршрутты қайта жалғастырдық. «Олжа бастау» аң шаруашылығының аумағын аралау барысында, биіктегі бақылаудан өзен бойында тұрған жол таңдамайтын шетел көлігі көзге ілінді. Аудан тұрғыны Б.К.ның қолындағы ұзындығы 50 метрлік балық ұстайтын торды тәркілеген мамандар, арнайы құжат толтырып, акт жазып балықшыға балық аулаудың ережелері мен тәртібін түсіндірді. Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе жоғарыдағы адамдардың көліктерінде заңсыз ұсталған балық болмады. Өзенді жағалай жоғары көтерілгенде «КАМАЗ» жүк көлігіне отын басып жатқан бір топ жігітті байқадық. Олардың да отын алуға рұқсаттары болып шықты. Заң бұзушылық байқалмады. Рейдті тамамдап, кешке қарай «Мираж» демалыс аймағына келіп қондық.
«Қазавиаорманқорғау» мекемесінің бастамасымен ұйымдастырылған рейдтің қорытындысын жасаған аталмыш мекеме басшысы Төлеуғазы Сексенбаев бұл шараның қылмыстың алдын aлy және табиғат байлығын бүлдіруге жол бермеу мақсатымен өткендігін айтып, экипаж және рейдке қатысқан барлық азаматтарға ризашылық сезімін жеткізді. Айлық жалақыларының аздығына қарамастан халық байлығы күзетінде жүрген орманшылардың жұмыстарына табыстар тілеп, өз кезегінде мекеме тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілетіндігіне сенім білдіріп, осындай рейдтердің жиі ұйымдастырылуына мұрындық болатындығын да баса айтты.
Табиғатты баға жетпес байлыққа теңейміз, ал оның қорғалуы мен сақталуына келгенде салғырттық танытып жататынымыз да жасырын емес. Әр адам орман мен қорықтардағы аң-құстардың, тал-теректің көбеюіне, өсіп-өнуіне себепкер болып отырса нұр үстіне нұр. Өйткені болашақ ұрпақ алдында бабадан қалған енсіз байлық табиғаттың құрып кетпеуі бүгін біздің қолымызда болса, ертең балалар сол дәстүрді жалғап, өз ұрпағына жеткізуі үшін де мақсатты жұмыс керек-ақ. Рейдтің де діттегені осы болатын.
 
Махмут ИСРАПИЛОВ, Қарадала тынысы нәпәси №46 2015 ж.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға