2020 жылғы 27 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп СҚО мен Ақмола облысының іргелес аумақтарындағы құс тұмауына байланысты су айдындарында жабайы құстың өлім-жітімі фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп ұшуды орындады.
Ұшу барысында келесі су айдындары - көлдер тексерілді. Тұзды көлі, Ақкөл көлі, Домбыралы, көлі, Барап көлі, Батпақкөл, көл, Чистенькое және Моховое көлдері, Жолдыбай мен Елтай және т.б. көлдерді тексеру барысында 23 өлген аққу табылды.