"2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусымның аяқталуы туралы" №17-5-6/59 бұйрығына сәйкес, 2019 жылы 1 қарашада - Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Алакөл, Алматы, Үстірт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорықтары, "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Іле-Алатау, "Көлсай Көлдері", Жоңғар-Алатау, Шарын және Сайрам-Өгем, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты, Батыс Алтай, Марқакөл, Наурызым және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорықтары, "Ертіс Орманы" және "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттары, "Алтын дала", "Ақжайық", "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваттары, "Бурабай", "Көкшетау", "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Тарбағатай, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, Баянауыл, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы және "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелері аумақтардағы өрт қауіпті маусым аяқталуда.
2019 жылы 27 қазанда Алматы авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Қошқарбай ауылының ауданында мемлекеттік қор жерлерінен өрт шыққаны табылды. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Табылған кездегі өрт ауданы 0.6 га.