

2019 жылдың 27 тамызында Бородулиха филиалының 122 кварталының аумағында өрт шықты. Өрт болған жерге Бородулиха авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен "Семей Орманы" МОТР Бородулиха филиалының өрт сөндіру құралдарымен қызметкерлері келді. Өртті дер кезінде анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде өрт 0,18 га алаңда жойылды. Жануды оқшаулауға және жоюға тікұшақ және Бородулиха авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бородулиха филиалының 27 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері»;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою мәселелері;
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.
2019 жылғы 25 тамызында Қостанай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Калинин орман шаруашылығының 117 Кварталы, Семиозер ҚМУ аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күресу үшін Қостанай авиациялық бөлімшесі мен Семиозер ҚМУ күштері мен құралдары тастанды. Өрт 0,08 га аумақта жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға: тікұшақ және Қостанай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Семиозер ҚММ 12 адамы, ТЖД 12 адамы, 7 бірлік техника жұмылдырылды.