2019 жылғы 2 мамырда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының, Сетинск орманшылығының 114 кварталы аумағында өрт шықты. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және жердегі өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында өрт шағын алаңда жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұшқыш-бақылаушы  және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиа өрт сөндіру қызметінің 2 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру қызметтерінің 8 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 0.1 га. Өрттің шығу себебі-найзағай.

 

2019 жылғы 2 мамырда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының Байімбет орманшылығының 70 және 71 кварталдарының аумағында өрт шықты. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және жер үсті өрт сөндіру қызметтері қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында өрт жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұшқыш-бақылаушы және"Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиа-өрт сөндіру қызметінің 10 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру қызметінің 35 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 7 га.

2019 жылғы 2 мамырда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының, Бесқарағай орманшылығының 39 кварталының аумағында өрт шықты. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және жер үсті өрт сөндіру қызметтері қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында өрт жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұшқыш-бақылаушы  және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК АӨҚ-нің 2 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру қызметінің 15 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 5 га.

 

2019 жылғы 30 сәуірде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Өскемен авиациялық бөлімінің АӨК нұсқаушысы Е. А. Ажмагиевпен "БИЗКОМ" ЖШС компьютерлік фирмасының қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Компания қызметкерлері орман алқабында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға келген кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.

 

2019 жылғы 30 сәуірде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Өскемен авиациялық бөлімінің АӨТ нұсқаушысы М. В. Воробьевпен "ДЮГО" ЖШС қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Компания қызметкерлері орман алқабында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға келген кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.

 

2019 жылғы 30 сәуірде Бородулиха авиациялық бөлімшесімен қорғалатын аумақтың авиациямен қарауылдау барысында Дөнгелек орманшылығының 91 кварталының, "Семей орманы" МОТР Беген филиалының аумағында өрт шықты. Өрт орнына тікұшақтан өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар түсірілді. "Орман десантына" көмекке жер бетіндегі өрт сөндіру қызметтерінің күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұщқыш-бақылаушыжәне "Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиа өрт сөндіру қызметінің 2 адамы, жер үсті өрт сөндіру қызметінің 17 адамы, 4 техника жұмылдырылды. Өрт 0.02 га аумақта жойылды.

2019 жылғы 30 сәуірде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Қостанай авиациялық бөлімінің АӨТ нұсқаушысы  Проданец Г.И. Лесной ауылы орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Мектеп оқушылары орман алқабында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға барғанда санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.

 

2019 жылғы 30 сәуірде Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс орманы"МОТР РММ Бесқарағай филиалының 80 кварталында өрт шықты. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және жердегі өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында өрт шағын 0.03 га алаңда жойылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК өрт сөндіру қызметінің 2 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру қызметінің 8 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі-найзағай.

 

 

2019 жылы 29 сәуірде "Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай және Бесқарағай филиалдарында Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында 4 өрт шықты. Осы күні табиғи резерваттың аумағында 6 өрт тіркелді. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және жердегі өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында барлық өрттер шағын алаңдарда жойылды.  Өрттің жалпы ауданы 0.6 га. Өрттің шығу себебі-найзағай.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға