Құрылу тарихы

BO-105 тікұшағы алдыңғы қатарлы технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы жасалған екі тонналы көп мақсатты тікұшақ ретінде ойластырылған. Машина өте сәтті болды, оның дәлелі ретінде осы күнге дейін 400-ден астам тікұшақ пайдаланылуда.

"BО-105 тікұшағы ең алдымен әмбебап, сенімділік пен істен шығу тұрақтылығының арқасында танымал болды. Алғашқы ұшудан кейін 50 жыл өткен соң да модель пайдалануда, бұл тікұшақтың жоғары сапа деңгейін сипаттайды.  BО-105 заманауи тікұшақ жасау технологияларының пионері бұрынғысынша компанияның модельдік қатарына әсер етеді", - деді Airbus Helicopters неміс бөлімшесінің бас директоры Вольфганг Шодер.

Тікұшақты әзірлеу Messerschmitt-Boelkow-Blohm компаниясында 1960-ші жылдардың басында басталды. Тікұшақтың басты жаңалығы шыны талшықты қалақтары бар көтергіш бұранданың шарнирсіз титан төлкесі болды. Көлденең және тік топсалары бар дәстүрлі конструкцияға қарағанда, қалақтарды бекіту тек осьтік топсаның көмегімен жүзеге асырылған салмақ түсіретін бұранданың жаңа түрі әзірленді.

Мұндай жүргізуші винт жылжымалы бөліктердің әлдеқайда аз саны есебінен дәстүрлі қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ВО-105-тің  көтерұші винтінің ерекшілігі икемділігі мен маневрлігін  арттырады — бұл модельді қазір де сұранысқа ие ететін сапа.

Алғашқы машинаны 1970 жылы жеткізілгеннен бері бүкіл әлем бойынша 300-ден астам клиент шамамен 1400 ВО-105 тікұшағын сатып алды. Олардың басым бөлігін – 600-ге жуық машинаны түрлі елдердің әскери ведомстволары сатып алды. Сонымен қатар, тікұшақ лицензия бойынша Индонезияда, Филиппинде, Испания мен Чилиде шығарылған.

400-ге жуық тікұшақ, өндірілген машиналардың жалпы санының үштен бір бөлігі әлі де пайдалануда. Ең үлкен ұшуы бар ВО-105 тікұшағы Фолкленд аралдарында авиациялық жұмыстарды орындайды. Бүкіл әлем бойынша BO-105 жалпы ұшуы 8 млн сағаттан асты. Airbus Helicopters компаниясы осы жеңіл тікұшаққа кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді перспективада қосалқы бөлшектерді жеткізуге кепілдік береді.

Ұшу-техникалық сипаттамалары

ВО-105 жеңіл тікұшақтары қатты көтеруші винт пайдаланудың арқасында жоғары маневрлігімен ерекшеленеді, оларда "Нестеров ілгесін" қоса алғанда, жоғары пилотаж фигураларын орындайды және жылдамдық пен қашықтықтың бірқатар әлемдік рекордтары орнатылды (1974 ж.1 714 км.)

Тікұшақ, екі газтурбиналық қозғалтқышы және шана түрлі шассимен, рульдік винті бар бір винтті схема бойынша орындалған. Фюзеляжы  алюминий қорытпаларынан жасалған жартылай монокок тұтас металлды. Қозғалтқыштар ағытпалары мен басқа да күш түспейтін элементтер шыны пластиктен жасалған. Алдыңғы жағында ұшқыштарға арналған екі орындығы және жолаушыларға арналған үш орындығы бар кабина орналасқан. Кабинаның арт жағында бүйірінде ашылатын жармалары бар багаж бөлігі мен жүк люгі бар. Кабинада және багаж бөлігінде артқы орындықтар түсірілген кезде екі зембілді орнатуға болады.

Шасси жиналмайтын шана түрлі. Амортизация көлденең тіректердің серпімді деформациясы есебінен жүзеге асырылады, алмалы-салмалы доңғалақтар немесе төрт үрлемелі баллонет орнатылуы мүмкін.

Көтерұші винті - қалақтарды қатты бекітумен төрт жақты. Жоспарда тік бұрышты пішінді қалақтар, керілген шыны пластиктен жасалған, титан қорытпасынан жасалған эрозияға қарсы жапсырмасы бар, тұмсық бойымен, тамырлы бөлікте тербелісті маятникті сөндіргіштермен жабдықталған. NACA 23012 модификацияланған қалақ профилі ұлғайтылған қисық тұмсығы бар. Титан қорытпасынан жасалған төлкенің роликті подшипниктері және болат таспалардан жасалған торсиондары бар осьтік топсалары ғана болады.

Диаметрі 1,9 м екі жақты рульдік бұрама қалақтары жартылай қатты бекітумен. Жоспарда тікбұрышты қалақтар шыны пластиктен жасалған.

Күш қондырғысы фюзеляждың жоғарғы бөлігінде орнатылған Аллисон (Rolls-Royce) 250-С20 B немесе С28С екі турбовинтті газтурбиналық қозғалтқыштардан тұрады. Трансмиссия үш сатылы басты, аралық және артқы редукторлардан тұрады.

Отын жүйесі жалпы сыйымдылығы 580 л негізгі және шығыс жұмсақ отын бактарынан тұрады. Қосымша бакттарды орнатуы мүмкін. Жүргізу винтін басқару модульдік, резервтелген, бустерлік жүйесінен тұрады.

Электр жабдығы тұрақты ток кернеуінің екі стартер - генераторын және жер үсті қоректену розеткасын қамтиды. Стандартты жабдыққа ҚТ және УҚТ радиостанциялары, қозғалтқыштардың жұмысын басқару және бақылау аспаптары, доплерлік РЛС пайдалану арқылы навигация, орнықтылықты арттыру жүйесі, қону фарасы және т. б. кіреді.

Машинаның ең жоғары ұшу салмағы 2,3 т., ең жоғары жылдамдық -232 км/ сағ, ұшу қашықтығы - 1100 км. дейін (қосымша бактармен). Практикалық төбе -5 км. дейін.

Bo-105 артықшылықтары мен технологиялық жетістіктері H135 және H145 жеңіл тікұшақтарын жасау кезінде пайдаланылды. Bo-105 мирасқоры- H135 моделі,  көтеруші винт қалақтарын бекітудің алдыңғы қатарлы саңсыз және тұмсықсыз түйінімен. Көміртекті талшық негізінде композиттік материалдарды кеңінен пайдалану көтеруші винт компоненттерінің ресурсын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, H135 тікұшағы "шыны кабина", Fenestron типті сақиналы аэродинамикалық арнадағы автоматты басқару жүйесі мен рульдік винт сияқты бірқатар артықшылықтарға ие  - қауіпсіздік деңгейін арттыруға және шу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Пайдалану

BO-105 тікұшағы бүгінде сапта тұр,бұл машина ондаған елде белсенді пайдаланылуда. Көптеген онжылдықтар BO-105 бүкіл әлем бойынша, азаматтық және әскери авиацияда сәтті пайдаланылды.

Қазавиаорманқорғауда  BO -105 тікұшағы орман-авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ браконьерлік фактілерді, табиғат қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілетін аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған авиарейдтерді жүргізу үшін пайдаланылады.

2019 жылғы 4 қаңтарда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК  Республикалық диспетчерлік қызметінің диспетчері Т. С. Сардароваға құрметті демалысқа салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Тамила Сефиханқызы диспетчер болып 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Жұмыс уақытында өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсете білді, қызметтестерінің арасында өте құрметті болды. Өзінің қызметтік міндеттерін адал атқара отырып, кейде жеке уақытымен санаспай, ол қызмет мүддесін бәрінен жоғары қойып, кәсіпорынның жеке құрамы арасында үлкен сенім мен беделге ие болды, жас қызметкерлермен өзінің қызметтік тәжірибесімен бөлісті. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен қалпына келтірудегі қол жеткізген жетістіктері үшін, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы белсенді ынтымақтастық пен әзірлемелерді өндіріске енгізгені үшін 2018 жылы Т. С. Сардароваға ведомстволық құрметті ерекшелік белгісі тапсырылды.  "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бас директоры Арман Кесімбаев Тамара Сефихановнаға көпжылдық адал еңбегі, кәсіпорынның дамуына қосқан зор жеке үлесі үшін алғысын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Әріптестері оған денсаулық, ұзақ өмір, сәттілік тіледі!

  

Құрметті қазақстандықтар, отандастар!

Ардақты ағайын!

Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері!

Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер.

Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын.

Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор.

Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес.

Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады.

Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді.   

Кеңес империясы құлаған сәтте біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалды. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдай орын алды. 

Ішкі жалпы өнім екі есе қысқарды, азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың тапшылығы айқын сезілді. Бір мезетте ірі зауыттардың бәрі тоқтап қалды. Дүние төңкеріліп кеткендей көрінді.

Бұл сынақ болатын. Біз одан сүрінбей өтіп, дамудың қазақстандық жолын салуға белсене кірісіп кеттік.

Біздің үштұғырлы міндетіміз – нарықтық экономика құру, тоталитарлық идеологиялық жүйені бұзу және қоғамның барлық институттарын жаңғырту болды. Біз мұны заманауи демократиялық мемлекет – Қазақстан Республикасын құру үшін жасадық.

Біз әлсіз экономикамен және жағдайы жоқ азаматтармен демократиялық институттар қалыптастыру мүмкін болмайтынын түсініп, экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісіне баса мән бердік. Соның нәтижесінде экономикамызды 15 есе, ал халықтың табысын 9 есе (доллармен есептегенде) арттырып, кедейшілік деңгейін 10 есеге жуық қысқарта алдық.

Біз 2007-2012 жылдардағы ауқымды әлемдік қаржы дағдарысын қоса алғанда, кездескен қиындықтардың бәрін ешкімнің көмегінсіз және табысты еңсере білдік.

Қазақстан аграрлы экономикадан өнеркәсіптік-сервистік экономикаға өтті. Елді индустрияландыру және урбанизациялау процесі жүріп жатыр. Шикізат секторына әлемнің ірі инвесторлары келді.

Соның арқасында мұнай-газ секторындағы күрделі жобаларды жүзеге асыра алдық.

Шикізат ресурстары есебінен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қор құрылды. Қазақстан жаһандық экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Инвестиция тартып, әлемнің барлық дерлік елдерімен сауда-саттық жүргізіп келеміз.

Еліміздің жаңа инфрақұрылымдық діңгегі бой көтерді. Елдің барлық өңірін автомобиль жолдары мен темір жол желісі байланыстырады. Ал, авиация маршруттары әлемнің түкпір-түкпіріне баруға мүмкіндік беріп отыр.  

Қазақстан тек аумағы жағынан ғана ірі мемлекетке айналған жоқ. Бүгінде азаматтарымыздың саны 18 миллионнан асты. 20 миллионға жететін күн де алыс емес.

Біз әлемдегі озық дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Мақсатымыз – озық дамыған 30 елдің қатарына ену.

Біз қираған КСРО-ның орнында заманауи нарықтық экономикасы бар, табысты Қазақстан мемлекетін құрып, көпұлтты және көпконфессиялы елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастырдық. Көпғасырлық тарихымызда алғаш рет Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық тұрғыдан мойындалуын қамтамасыз еттік. Мемлекет ретінде бедерленбеген Қазақстанды әлем картасына енгіздік. Біздің өз Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.  

Біз 90-жылдардағы ең күрделі кезеңде «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандар даярлау ісін қолға алдық. Жастардың лайықты білім алып, әлемдік тәжірибені зерттеуіне мүмкіндік туғыздық, сондай-ақ олардың елімізге өз пайдасын тигізуіне жол аштық.

Жаһанды дағдарыс жайлағанына қарамастан, біз Астанада әлемдік деңгейдегі университет ашып, зияткерлік мектептер салдық. Егемендікке ие болған  жылдарда дүниеге келген жастарымыз мемлекет қамқорлығын бағалай біледі деп сенемін. Олар – тәуелсіз Қазақстанның түлеп ұшқан жас қырандары.

Жастардың елімізді қорғап, оны нығайта түсетініне, өздерінің бар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін.

Еліміздің тарихында алғаш рет өз елордамызды тұрғыздық. Астана – барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің жарқын көрінісі.

Осының бәрін сіздермен бірге жасадық, құрметті қазақстандықтар.

Осы жылдарда өткен барлық сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін.

Осындай қолдаудың арқасында сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім.   

Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін.

Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады.

Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады.

Қазір Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинады. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасу жылдарында Сыртқы істер министрі, Премьер-Министрдің орынбасары және Премьер-Министр, Сенат Төрағасы болды. Елімізді, оның экономикасы мен саясатын жетік біледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі.   

Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін.  

 Құрметті отандастар!

Біз әлемнің бір орында тұрмай, үнемі өзгеріп жатқанын көріп отырмыз.

Жаңа мүмкіндіктермен қатар жаһандық жаңа технологиялық және демографиялық сын-қатерлер туындап, әлемдік тәртіп тұрақсыздана түсуде.

Әрбір ұрпақтың атқаратын өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық.

Оның нәтижелері өздеріңізге белгілі. Әлем өзгеріп, жаңа буын келеді. Бұл – табиғи процесс. 

Олар өз заманының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ, елімізді одан әрі өркендету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс.

Әлеммен бірге біз де өзгеруге тиіспіз. Жас қазақстандықтарға айтарым: тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер. Бұл – біздің халқымыз, біздің ұлы бабаларымыздың жері. Отанымыз да, жеріміз де бір.

Халқымыздың достығы мен бірлігін, бір-бірімізге деген сенімді сақтап, еліміздегі әрбір азаматтың төл мәдениеті мен дәстүрін құрметтей біліңіздер.

Сонда ғана біз мықты болып, сын-қатердің бәріне төтеп береміз.

Сонда ғана біз өркендейтін боламыз.

Құрметті қазақстандықтар!

Менің отандастарым!

Мен бүгінгі сөзімді сіздердің әрқайсыңызға арнаймын.

Еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Жетістікке жететінімізге сенемін.

Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?

Болашақ қазақстандықтар білімді, үш тілде сөйлейтін, еркін адамдардың қоғамын қалыптастыратынына нық сенімдімін.

Олар – әлемнің азаматтары. Олар дүниені шарлайды. Олар жаңа білім алуға құштар. Олар – еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.

Қазақстан 2050 жылы жалпыға ортақ еңбек қоғамына айналады деп сенемін.

Бұл – бәрі де адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Оның білім саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік болады. Онда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрады. Азаматтары еркін әрі тең құқылы, ал билігі әділетті болмақ. Мұндай елде заң үстемдік етеді.

Мен дұрыс жолмен келе жатқанымызға сенімдімін. Бізді тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайды.

Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады.

Егер біз әлдеқандай күшке немесе басқа біреуге үміт артсақ, қол жеткізген жетістіктің бәрінен айрыламыз.

 

 

2018 жылдың 25 желтоқсанында"Нұр Отан" партиясы Медеу аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі С. А. Мерекеновтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жиналыс өткізілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы С. Әлімжанов айтып берді , атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын "Қазақстан-2050 Стратегиясы ": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", сондай-ақ 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының ережелерін түсіндіруге тоқталды. С. С. Әлімжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті.

"Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтуға, азаматтардың, сондай-ақ жалпы қоғамның қылмыстық көріністерден құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау дәрежесін арттыруға бағытталған", - деді С. С. Әлімжанов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшесі Е. М. Мәдиев топ қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары туралы баяндады. Кәсіпорын ұжымы "қоғамдық бақылау картасы"жобасымен танысты.

Жоба авторларының айтуынша, карта Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және Ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге бағытталған бастамаларын толық көрсетеді. Бұдан әрі жоба Азаматтарға бюджеттік шығындарды бақылауға ғана емес, нақты бағыттарға қаражат бөлу жөніндегі бастамаларды шығаруға мүмкіндік береді. Карта өнім берушілер, бөлінетін сома, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер, құрылыс егжей-тегжейі, қиыршықтас диаметріне және асфальт жамылғысының қалыңдығына дейінгі ақпаратқа қолжетімділікті ашады.

Кез келген адам тәулігіне 24 сағат көрсетілген процестерді бақылап, оларды құжаттамамен салыстыра алады және алшақтықтар анықталған жағдайда тиісті фото - және бейнематериалдарды қоса отырып, уәкілетті органға хабарлай алады.

Сонымен қатар, ресурс жұмсалатын қаражаттың сомасын автоматты түрде талдайды және оларды ұқсас объектілермен салыстырады. Шығындар едәуір асып кеткен немесе кеміген жағдайда жүйе қаупты аймақтарды көрсетеді, осылайша қоғамдық бақылауды автоматтандырады.

Карта publicbudget.kz мекенжайы бойынша қолжетімді.

Алматы қаласы Әуезов ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы және арнайы мониторинг тобының мүшесі С. С. Балғынбаев қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғанын хабарлады, онда Кеңес мүшелері азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыра алады, азаматтардың өтініштерін қарайды, Кеңес отырыстарына дайындық жүргізеді.

Оның ашылу мақсаты халықты қоғам өкілдерімен, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен, арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесу үшін бірыңғай алаң құру болып табылады. Алаң Co working center түрі болады және өзінің дербес кеңселері жоқ қоғам өкілдерін біріктіруге арналған. Осы топтардың жұмысы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалар мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауы мәселелерінде қоғамға көмек көрсету болып табылады.

Қазіргі қоғамда жүргізіліп жатқан реформалардың негіздерін халыққа дұрыс және уақтылы жеткізе алатын, азаматтардың жекелеген құрылымдардың қызметіне наразылығы немесе мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтамауы жағдайларында түсінуге көмектесетін қоғам өкілдеріне үлкен рөл бөлінгені құпия емес. Осындай кездесулерді ұйымдастыру үшін әрбір тұрғын кеңес алу және мәселелерді шешу үшін Әдеп жөніндегі кеңес мүшесіне немесе өзге де жұртшылық өкілдеріне оларды толғандыратын мәселелерді қарау үшін жүгінуге құқылы.

"Жаңа алаң этика жөніндегі кеңес мүшелері, қоғам өкілдері және қала тұрғындары үшін үлкен мүмкіндіктер береді деп үміттенеміз." - деді Балгинбаев С. С.

Жиналыс соңында кездесуге қатысушылар аталған тақырып бойынша бірқатар сұрақтар қойып, "Нұр Отан" партиясы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Д. К. Шамгунов  толық жауаптар берді. Жиналысқа орталық аппарат ұжымы қатысты. 

2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасы аясында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар" тақырыбында жиналыс өткізілді. Заң кеңесшісі м.а. Ибраев Ж. О. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормалары, ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамаларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және олар үшін жауапкершілікке қатысты нормалары түсіндірді. Әңгімелесу барысында Мемлекет тәуелсіздігі алған сәттен бастап, Ұлт көшбасшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын мақсатты түрде жүзеге асыратыны атап өтілді. Бұл сыбайлас жемқорлық көріністері қоғам мүдделеріне зор зиян келтіретіндігіне және мемлекеттің экономикалық өсуін тежейтін факторға айналатындығына байланысты. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілетін алдын алу іс - шараларының негізгі мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының әрбір негізгі қағидаларын жеткізу және мысалдарды келтіру жолымен мемлекеттік қызметшілерге заңды бұзудан болатын теріс салдарларды көрсету. Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес үшін қоғамның барлық жіктерінің жүйелі күш-жігері қажет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы, ал Адалдық пен Сатылмаушылық - мінез-құлық нормасы болуы тиіс. Жиналысқа орталық аппарат ұжымы қатысты.

    

Қымбатты отандастар!

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам.

Қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады.

Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады.

Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда.

Бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!


 

Қымбатты отандастар!

Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2019 жылға қадам басамыз.

Жаңа жыл – барша жұрт айрықша сезіммен, көтеріңкі көңілмен қарсы алатын жарқын мейрамның бірі.

Тарих қойнауына енгелі тұрған 2018-ші жыл егемен еліміз үшін берекелі әрі мерекелі жыл болды.

Биыл тәуелсіздігіміздің символына айналған Ақордалы Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын атап өттік.

Бас қаламызды ұлықтауға барлық өңірлеріміз жұмыла атсалысып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.  

Жыл басында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктерін айқындадық. 

«Бес әлеуметтік бастаманы» жариялап, халқымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыруды маңызды міндет ретінде белгіледік.  

Күллі түркі жұрты қастерлейтін Түркістан қаласы қайта түлеп, облыс орталығы мәртебесін алды.

Шырайлы Шымкенттің халқы бір миллионнан асып, республикалық маңызы бар қала атанды.

Біз халықаралық саясатта және экономикада маңызы зор шараларды жүзеге асырдық.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі екі жылдық қызметін абыроймен аяқтады.

Дүние жүзінің алып елдері бас қосатын осы беделді органға қаңтар айында төрағалық еттік.

Сапар барысында Америка Құрама Штаттарының Президентімен кездесіп, маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік. 

Әлемнің әр түкпірінен келген дін көшбасшылары Астанада жиналып, өркениеттер диалогына үн қосты.    

Ақтауда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін бекіткен тарихи құжат қабылданды.  

«Астана» халықаралық қаржы орталығын жаһан жұртына таныстырып, тың бастамаларды қолға алдық.  

Орталық Азия мемлекеттерінің бес президенті біздің елордада бас қосып, тату көршілік қатынастарды жандандырдық.

Тәуелсіз Қазақстанның нышаны саналатын төл теңгеміздің 25 жылдығын атап өттік. 

Ұлы даладағы ежелгі көшпенділер өркениетінің жаһандық маңызын қайта жаңғырттық. 

Осы айтулы мерекелер мен ауқымды шаралар елдігімізді танытып, бірлігімізді бекемдей түсті.

Бұл жетістіктерге өздеріңізбен бірге жеттік, игі бастамаларды бірге жүзеге асырдық. 

Ардақты ағайын!

Жаңа жылды әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қарсы алады.

Келер жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын! 

Табалдырықтан аттағалы тұрған 2019 жыл әр отбасыға молшылық пен жақсылық әкелсін! 

 Дорогие соотечественники!

С особой радостью и волнением каждый из нас ожидает наступление Нового года.

Этот светлый и добрый праздник мы встречаем в единстве и согласии большой и дружной казахстанской семьей.    

Мы связываем с ним свои самые смелые надежды и мечты, строим захватывающие дух планы и загадываем сокровенные желания на будущее.

Уходящий 2018 год был очень содержательным и динамичным для нашей страны.

Главным  событием стало 20-летие прекрасной Астаны, ставшей ярким символом широкой и открытой души казахстанцев, олицетворением счастья и благоденствия нашего народа.     

В этом году Казахстан еще больше укрепил свои позиции и авторитет на международной арене.

Мы успешно председательствовали в Совете Безопасности ООН – ключевой структуре управления в современном глобальном мире.

Состоялись мои знаковые визиты в Москву, Пекин, Вашингтон, Брюссель и в другие значимые для нашего государства столицы.

В уходящем году мы сохранили позитивную динамику экономического развития страны.

В рамках индустриализации запущены новые производственные предприятия и инфраструктурные объекты.

Значительно выросли объемы жилищного строительства и транзитных перевозок.

Увеличился экспорт казахстанской продукции и уровень цифровизации ключевых отраслей экономики.   

Казахстанцы должны быть уверены в спокойствии и безопасности на улицах городов и сел нашей страны.

Поэтому начаты реформы в судебной и правоохранительной системе.

Дан старт масштабным мерам по повышению качества жизни и росту благосостояния  наших граждан.

Все эти важные шаги и достижения стали возможны благодаря усилиям и труду всех казахстанцев.

Хочу выразить свою искреннюю признательность каждому из вас за вклад в процветание нашей Родины!

    Уважаемые казахстанцы!

В условиях стремительно меняющегося мира главным фактором успешного развития страны являются люди, их таланты, знания и патриотизм.

Поэтому наступающий год объявлен Годом молодежи.

Уверен, молодое поколение оправдает наше доверие и сможет вывести Казахстан в число 30-ти лучших государств планеты.

Дорогие друзья!

Всего несколько  мгновений осталось до Нового 2019 года!

Пусть мир, добро и благополучие будут в каждом казахстанском доме!

От всего сердца желаю всем счастья, здоровья и удачи во всех начинаниях!    

Алдағы жыл Қазақстан үшін табысты әрі тағылымды жыл болады деп сенемін!

Баршаңызға зор денсаулық, халқымызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

 

Жаңа жыл құтты болсын!

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға