2022 жылдың 1 тамызында Ақмола авиациялық бөлімінің мамандары мемлекеттік табиғатты қорғау полициясының өкілімен бірлесіп табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
2022 жылдың 29 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы"МОТР РММ аумағында 2 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші -десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.